АЛЛАҺ ПЕН ОНЫҢ ҚҰЛЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ
Бұл тақырып аударылған
Бөлімдер
Full Description
АЛЛАҺ ПЕН ОНЫҢ ҚҰЛЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ
ОН ТОСҚАУЫЛ
الحجب العشرة بين العبد وبين الله
Аса қамқор , ерекше мейірімді Аллаһтың атыменен бастаймын . Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән . Және пайғамбарлардың соңы болған Мухаммедке Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын .
Бірінші тосқауыл: Аллаһ жайында білімнің жоқтығы .
Яғни , Аллаһ-Тағаланы танымау . Кім Аллаһ-Тағаланы таныса Оны сөзсіз сүйеді .Аллаһты сүймеген адам - Оны мүлдем танымаған адам . Расында Аллаһты танымаған адам Оны шынайы сүйе алмайды . Сондықтан Аллаһтын елшісі (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрсеткен сүннет жолының үстінде болған мұсылмандар әркез ілім іздеу үстінде болады . Себебі ,сенің Аллаһ жайында білімің артып , Оны таныған сайын , Оған-деген махаббатың да арта түседі .
Көркем сөзбен Аллаһтың дініне уағыздап шақырушы болған Шұғайып пайғамбар ғалайһиссалам өз қауымына :
"Раббыларыңнан (істеген күнә-кемшіліктерін үшін) жарылқау-кешірім өтініңдер , кейін Оған шынайы тәубе жасаңдар . Расында менің Раббым (тәубе етушілерге) ерекше мейірімді , (және оларды)өте сүюші ". (Һуд сүресі , 90-шы аят)
Және Ұлы Раббың Құранда былай-деп , айтады :
"Шынында , сондай иман келтірген және салихалы амал жасаушы пенделері үшін,рахмет егесі болған Аллаһ (сүйікті құлдары мен періштелерінің жүрегіне) махаббат орнатады".( Мариям сүресі,96-шы аят)
Аллаһ жайында білімнің жоқтығы- ірі тосқауыл.Өзің білетіндей кісі танымайтын нәрсесін оңай дұшпан тұта салады . Және ақиқатта Аллаһты танымайтын пенделер Оған күнәһар болып харам істерге түсіп жүреді.Сонымен қатар Аллаһты танымайтындар жын-шайтандардың жетегіне түсіп , соларға сиынып кетіп жатады . Сол үшін Аллаһ-Тағала әуелі білімге үндеді;
Ей,Мухаммед "Ендеше біл ¹! Аллаһтан өзге ( ғибадатқа лайықты) ешбір тәңір жоқ . Күнәң үшін ( Аллаһтан )жарылқау өтін . Және иман келтірген ерлер мен иман келтірген әйелдер үшін (күнәларының кешірілуін) өтін "( Мухаммад сүресі , 19-шы аят ) Аллаһ жайындағы білімсіздіктен құтылудың емі – Оны ақиқат дәрежесінде тану . Егер сен оны танысаң шынайы тәубеменен өмір сүресің.
Екінші тосқауыл: Бидағат ²
1. Бұл аяттағы " біл " сөзі Аллаһтың ілім іздеуді парыз ететін әмірі . Және ілімнің ең әуелі , әрі әрбір адамға білуге тиіс болғаны Аллаһтан өзге ғибадатқа лайықты ешбір тәңірдің жоқ екенін білу .
2. Бидағат-дегеніміз Құран мен сүннетте келмеген бөгде ғибадат түрлері .
Кім бір бидағат амалмен құлшылық ете бастаса ,онда ол Аллаһтан алыстай бастайды.Сол бидағат өзі мен Раббысының арасына тосқауыл болады . Бидағаттан бас тартпайынша ол тосқауыл кетпейді . Оған пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисі дәлел :
"Кім Біздің әмірімізде болмаған бір жаңалықты (яғни,бөгде ғибадат түрін) келтірсе , ол нәрсе қайтарылады(қабыл болмайды)".( Сахих хадис)
Ал Аллаһ хұзырында қабыл болатын салихалы амалдың екі шарты бар :
Бірінші шарт :Ықылас .Яғни жасаған амалын Жалғыз , әрі ешбір серігі болмаған Аллаһтың дидарына қауышып , ризалығына жету үшін ғана жасау керек .
Екінші шарт :Амалды Мухаммед пайғамбардың(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне сәйкестіндіріп жасау .
Осы екі шартқа негізделмеген амал қабыл болатын салихалы амалдардың қатарына қосылмайды . Және ол амал Аллаһ хұзырына көтерілмейді . Себебі Аллаһқа тек жақсы да салихалы амалдар ғана көтеріледі . Сондықтан бидағат пенденің жасаған амалының Аллаһқа көтерілуіне тосқауыл болады . Соның салдарынан құл Аллаһтың разылығына жетуден тосылады . Өйткені бидағат құл мен Құдай арасындағы тосқауыл . Оның себебі ол құл Жаратушы Егесінің қалау -әміріменен емес , өзінің қалау әміріменен құлшылық жасауда . Хақ ғибадаттан бұрушы нәфсі қалауы Аллаһтың разылығына жетер жолдағы кедергі . Бұл кедергіге пенде Аллаһқа Оның бекіткен шариғатымен талаптанбай , ол шариғаттан бөгде амалдармен талаптануының салдарынан ұшырайды . Бидағатшы адам күнәһкәр адамнан да жаман .
Үшінші тосқауыл : Ішкі үлкен күнәлар .
Олардың саны да , істелуі де көп . Мысалы өзін өзгелерден артық санау , мақтаншақтық , тәкәппарлық , көре алмастық , өз-өзіне ғажаптанып баға беру , ел көзіне түсіп қалып , олардан мақтау сөзді естуге құмарту , уақытша нәрселермен алдану сиақты нәрселер . Осы ішкі жасырын күнәлар сыртқы күнәлардан да жаманырақ . Яғни зина жасау , арақ ішу, ұрлық істеу сиақты күнәлардан да жаманырақ . Егер осы жасырын күнәлар жүрекке орнығатын болса , онда олар құл мен Құдайдың арасындағы байланысқа тосқауыл болады . Себебі пенде Раббысының ризашылығына жеткізетін жолды аяғының қадамымен емес , жүрегінің талабымен тауысады . Ал бұл ішкі жүрек күнәлары сол жолдың қарақшылары . Осыған байланысты белгілі ғалым Ибн Қайим : "Бір пендені көресің , ол салихалы амалдарға барынша ынталанып , оларды игеріп алады . Салихалы амал оған әрдайым бағынушы әскерге ұқсап қалады . Сондықтан ол пендені шариғат әмірлеріне барынша бойұсынған , дінге өте берілген күйде көресің . Сөйте тұрып ол пенде Аллаһтан өте алыста болады " Енденше , неге бұлай болды ? Ойланып көрші . ( бұл нәрсе сыртқы дүниесі шариғат әмірлеріне бағынып түзелген , бірақ ішкі дүниесі ұмытылып үлкен күнәлармен ойран болған адамның мысалы )
Төртінші тосқауыл :Сыртқы үлкен күнәләр .
Бұл күнәларға ұрлық , арақ ішу , ойнас жасау сиақты т.б. харам істер жатады . Осы тұста мына нәрсені білуіміз тиіс болады . Ол нәрсе қайталай беруменен кіші күнәлардың үлкен күнәға айналатыны және Аллаһтан шынайы кешірім сұрап , тәубе етуменен үлкен күнәлардың жойылатыны . Күнәні қайталау – шариғат әмірлеріне қарсы келгендік пен сол күнәға қайта оралуды шешім еткендіктің белгісін көрсетеді . Кейбір кіші күнәләр мына төмендегі алты нәрсенің себебінен үлкен күнәға айналады . Олар:
1.Әрдайым жасалынуы мен қайталанып тұруы себебінен .
Мысалға бір кісінің әйел затына көз салуы . Көздің де зинасы бар . Оның зинасы қарау . Көз зинасының күнәсі пұт зинасының күнәсінен кіші болғанымен , әрдайым қайталанып жасалынуы себебінен үлкен күнәға айналады . Себебі ол пенде харам нәрселерден көзін тиудан бас тартып , ол кү-
нәләрды қайталап жасай беруге бекінген адам .
2. Кіші күнәлардан сескенбеу .
Мысалы темек тартатын бір адамға “Құдайдан қорық!Темекі шегу харам . Және байқасаң сенің бойыңда харам нәрселерден тежелуіңді насихат ететін белгілер пайда болуда . Яғни , жасың ұлғайып , басыңдағы шашың мен иегіңдегі сақалың ағарған . Оның үстіне онсыз да кем дүниеңді кеміте түсіретін бұндай нәрсенің керегі не ?„-десең , “ Е , бұл темекінің күнәсі шошынарлықтай үлкен емес , кішігірім „ – деп , оны кіші көріп , менсінбеушілік танытады ¹.
3.Күнәға қуану .
Кейде бір пенделердің жасалған күнәдан рахаттанып қуанып жүргенін көресің .Ал бұл нәрсе , яғни жасалған күнәмен қуану , ол күнәні жасағаннан да ауырырақ . Тіпті адамдар пайғамбардың(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) "Мұсылманды ұрысып , сөгу – пасықтық , ал оған қол көтеріп , соғысу күпірлік "- деген сөзін ұмытып , біреудің осы сиақты күнә істерін көріп , " қалай жер –жебіріне жеткізіп сөгіп тастады а ?"-деп , немесе "қанын ағызып , өлтіріп тастағаны сауап бопты "- деген сиақты қолдау мен қуануға ұқсас сөздерін айтып жатады . Және сол сиақты бір мұсылман жас қыздың адамдардың көзіне түсу үшін атаққа құмартып , алданып адасқанына мәз-мейрам болып " қалай ғана аты шығып мәшһүр болып кетті , жап жас болып алып "-деп қуаныш сезімдерін білдіріп жатады . Ал Аллаһ Құранда былай –деп , айтқан:
" Расында , сондай иман келтіргендердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге дүниеде де , ақыретте де күйзелтуші азап бар " ( Нұр сүресі , 19-шы аят )
Шынайы көңіл бұрып мына нәрсені біл !
Күнәмен қуануың ол күнәнің жасалуынан да ауыр.
1.Бұл жерде үлкен адамға айтылған насихат алынған .Ал,расында темекі шегу үлкенге де , кішіге де тиым етілген .
4.Аллаһтың пенделерінің күнәларын жасыратынына немқұрайдылық көрсету .
Аббастың ұлы Абдуллаһ ( Аллаһ ол екеуінен де разы болсын ) былай - деп , айтты :
" Ей , күнәнің егесі ! Ертең сол күнәнің ауыр нәтижесіне жолықпай , аман қаламын – деп ойлама . Расында істеген күнәңә ол күнәдан да ауыр нәрсе ілесіп жүреді . Сенің күнә жасап жатып оң жағыңдағы және сол жағыңдағы періштелерден ұялмауын жасаған күнәңнән да ауыр . Аллаһтың саған қандай жаза беретінін білместен жасаған күнәңә мәз – мейрам болуың , сол күнңнән да ауыр , Күнәң арқылы жеткен жетістігіңе қуануың , ол күнәңнан да ауыр , Жасай алмай қалған бір күнәң үшін өкінуің , жасамақшы болған күнәңнан да ауыр , барша нәрсені білуші Аллаһтан жүрегің үрейленбей ,"істеп жатқан күнәмді елге көрсетіп қояды ма ?" – деп , есіктің пердесін қозғаған желден қорқуың кіріскен күнәңнан да ауыр."
5. Жасаған күнәні жариалау .
Бір пенде түнін күнәменен өткізеді . Аллаһ оның сол күнәсін адамдардан перделеп жасырып қояды . Бірақ әлгі пенде өз күнәсін өз тіліменен елге жариалап , Аллаһтың жапқан пердесін ашып тастайды . Тағы бір күні келіп өзінің істеген күнәсін паш етіп , не істеп , не қойғанын мәз болып әңгімелеп отырады . Расында Аллаһ оның күнәсін ел көзінен перделеп жасырып қойған еді . Ол сол айыбын жауып тұрған пердені тіліменен ысырып тастап отырады .
Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы тұрғысында ;
"Жариалаушылардан басқа барша үмбетім кешірімге бөленеді . Расында жариалау – дегеніміз , бір кісі түнде бір ( күнәлі ) істі жасайды , кейін таң атырады . Аллаһ оның ол күнәсін жасырып қойған еді . Ал оның болса "ей пәленше мен өткен кеште анаған ұқсас , мынаған ұқсас істерді істедім " – деп айтуы . Ол күнәсін Раббысы перделеген күйде түнді өткізген еді . Таңды атырады да , Аллаһтың оған жапқан пердесін ашып тастайды". – деп айтқан .
6.Өзгелер үлгі тұтар басшы болу .
Бұл бір үлкен өндіріс орынының басшысы болуы мүмкін . Немесе мектептің басшысы . Әлде жоғарғы оқу орнының басшысы . Басшы болмаса да көпшілікке танымал болған мәшһүр бір адам болуы мүмкін . Кейін сол адам темекі тарта бастайды . Басшы бастаған соң , қосшылар қостап , олар да темекі шегуді бастайды . Кейін ол , адамның есін кетіріп есіртетін арақ , есірткі сиақты нәрселерге ұрынса , оны үлгі тұтып соңынан ерушілер де ізін басып қателікке жол қоюы мүмкін . Осыған ұқсас тағы бір мысал , егер бір жас бойжеткен қыз дене пошымын айшықтап көрсететін тар шалбарды киіп көшеге шықса , көпшіліктің көңілін өзіне аударып , нашар үлгіге айналады .
Егер сен де өзгелер үлгі тұтқан адамдардан болсан , онда хал- ахуалың осы күйде болуы мүмкін . Сондықтан былай- деп сөйлеуші хадиске құлақ салып , оны есте ұста .
"Кім исламда нашар бір жолды ( істі , әдетті ) бастаса , ол нәрсенің күнәсі өзіне болады . Және ол бастаушыдан кейін сол істі жасағандардың да күнәсі соған жазылады , кейінгілердің сол істен тапқан күнәлары ешбір кемітілместен ".( Муслим риуаят еткен)
Бесінші тосқауыл: Кіші күнәларды жасаушылардың тосқауылы .
Шынында кіші күнәлар үлкейеді . Өзінің егесін ақырында қасыретке душар еткен қаншама кіші күнәлар бар . Аллаһ сақтасын ондай нәтижеден !
Расында шынайы иман келтірген адам өз қылмысын үлкейтіп көреді . Яғни , жасаған күнәсі кішкене болса да үлкен күнәдай сескенеді . Себебі ол сол күнә үшін Аллаһтан қорқады . Кішкене болса да жақсы істерді жасауда менсінбеушілік танытпайтыны сияқты . Өйткені ол сол жақсы істерден Аллаһтың нығметі мен фазилетін көреді . Ол мұсылман жүрегінен күнәларды кіші көріп сескенбеушілік пен ізгі амалдарды кіші көріп менсінбеушілікке ұқсаған нәрселерден арылғанша жоғарыда айтылған екі жағдайда болады . Яғни ол екі жағдай ; күнә кіші болса да Аллаһтан қорқып , одан бас тарту және ізгі іс кіші болса да , Аллаһтан сауап үміт етіп оны жасау . Осылайша мүмін пенде күнәларды жарылқаушы , құлдарын рахметіне бөлеуші , тәубелерді қабыл етуші , өте жомарт , әрі нығметке бөлеуші Раббысына қарай бет алады . Раббысы оның тәубесін қабыл етіп , күнәлардың тосқауылынан арылтып , оған Өзінің разылығына жеткізетін жолды жеңілдетеді .
Алтыншы тосқауыл : Ширк . ( Аллаһқа ортақ қосу күнәсі ) .
Бұл тосқауыл ең ауыр , әрі ең күрделі тосқауыл . Бұдан тек таза таухид¹ арқылы ғана ажырауға болады . Ақиқатта ширк сөзінің негізгі мағынасы ; жүректің Аллаһтан өзге кез – келген нәрсеге тәуелді болып байлануы .Мейлі ол нәрсе денеге қатысты сыртқы тағат-ғибадат істерінде болса да , немесе жүрекке қатысты махаббат , қорқу , үміт ету сиақты ішкі амалдарда болса да . Осыларға ұқсас кез-келген ғибадат түрін Аллаһтан өзге нәрсеге арнап , сол нәрсеге байланып тәуелдену үлкен ширк күнәсі болып табылады . Аллаһқа ең жеккөрінішті күнә - ширк күнәсі . Аллаһ – Тағалаға ширк ( серік қосу ) пен мушриктерден ( серік қосушылар ) өткен жаман нәрсе жоқ . Ширк күнәсінің түрі көп . Соның ішінде ең қатерлісі – жасырын ширк . Ол жайында Аллаһ Құранда былай – деген :
"Және қиамет күні оларды түгел жинаймыз . Кейін серік қосушыларға "Сендердің ( Аллаһқа ) серік етіп алушы ортақтарың қайда ?"-деп , айтамыз . Кейін олардың бар берер жауабы "Раббымыз Аллаһқа ант етеміз , біз серік қосушылардан болмадық"-деген сылтау ғана болады .Қара!. Олар қалай өздеріне ( қасірет болып қайтатын ) өтірікті айтты. Және сөйтіп олардың қосқан ортақтары жоқ болды ( яғни , Аллаһқа серік етіп қосқан ортақтарының ешбірі оларға жәрдем етпеді )" (Анғам:22-24.)
Ей, мұсылман бауырым ! Иманыңды ширк күнәсінен тазалап , барша ғибадат-құлшылығыңды жалғыз ғана Аллаһтың разылығы үшін орындауға әрекет ет . Аллаһтан ширк күнәсінен аман болуды сұра . Және Раббыңа мына дұғаменен сиын :
" Иа, Аллаһ ! Расында мен білетін бір нәрсені Саған серік етіп қоюымнан сақтай көр – деп Өзіңе сиынамын және білмеген нәрсем үшін Өзіңнен кешірім өтінемін ". ( хадистен )
1.Таухид – барша ғибадат-құлшылық түрін бір ғана Аллаһқа арнау .
Осылайша пенде барынша сиынуменен , таза ықыласпенен , Аллаһтан ғана пана іздеуменен ширк тосқауылынан құтылады .
Жетінші тосқауыл: Фазилет пен байлық иелерінің шариғат рұқсат еткен нәрселерде шектен шығулары .
Біреудің іші Аллаһ пен өзінің арасындағы байланысқа тосқауыл болуы мүмкін . Расында халал нәрселерден ішіп-жеу шариғат рұқсат еткен істерден . Бірақ пайғамбарымыз ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) былай-деп , айтқан :
"Адам баласы қарыннан да жаманырақ ыдысты толтырмады "( Яғни, толтырған ыдыстарының ішіндегі ең жаманы өзінің қарыны )
Егер адамның асқазаны толса пікірі ұйықтап , дене мүшелері тағат-ғибадаттан тосылады .Сол сиақты рұқсат етілген заттар ішінен киетін киім де Аллаһпен болатын байланысқа тосқауыл болуы мүмкін . Біреу киген киімімен елге көрінуді сүйеді . Ал пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай – деген:
"Динардың¹ құлы , дирхамның² құлы , және киімнің құлы бақытсыз болды"(Бухари риуаят еткен)
Яғни хадистен көріп тұрғанымыздай , олар дүниенің фәни заттарын ақыреттің бақи заттарынан артық қоюлары себепті тиын-тебен , киім-кешек сиақты өздерінің сүйген заттарының құлы –деп аталынған . Осы нәрсе оларға Раббыларының разылығына жетуге тосқауыл болады . Сол киімнің құлы болғандардың біріне "пайғамбарымыз( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) : "Шалбардың (балағының) тобықтан төмен болғаны тозақта "-деп айтқан .Шалбарыңның балағын тобықтан төмен түсіріп , жерге сүйретпей жоғары көтеріп қысқарт "-десең , "мен қысқа етіп кигенге ұяламын . Және не үшін олай істеуім керек ?. Қалай күнделікті ішіп , жерімді табам –деп , ондай нәрселерді ойлауға уақытымның жоқ екенін көрмейсің бе ?" – деп , әркім әртүрлі сылтауын айта салады . Бұл айтылғандардан мақсат ,расында әдет – ғұрыптар , рұқсат етілген нәрселерде шектен шығушылық , өзіне жетерлік нәрселерді қанағат етпеу , аш көздікпенен артықшаға ұмтылу сиақты істер құл мен Құдайдың арасына тосқауыл болады .
Ұйқының көптігі де тосқауыл . Ұйықтау рұқсат етілген істерден . Бірақ түнгі таһажжуд намазына тұрмастан , тіпті таң намазының уақыты өткенше ұйықтау зианға ұшыратады . Міне осы сияқты парыз ғибадаттардан қалдыратын ұйқы Аллаһтың разылығына жетер жолдағы кедергі . Осыларға
ұқсас пенде жүрегінің әйелімен төсек қатынасында болуға артықша құмартуы , мубах³ істерге көп көңіл бөлуі , тағат – ғибадаттардан гөрі , осындай рұқсат етілген істермен көбірек шұғылданып , уақытын өткізуі адам мен Аллаһ арасындағы тосқауылға айналады .
Аллаһ Тағала біздерді Оның разылығына жетуден тосатын осындай тосқауылдардан сақтасын !
1,2. Сол уақыттардағы ақша өлшем бірліктері .
3. Істелу ,істелмеуінен не күнә ,не сауап жоқ істер .
Сегізінші тосқауыл: Аллаһтан ғапыл болғандардың тосқауылы .
Адам өзінің Раббысымен болған байланысын үзіп , Оны ұмыта бастаған сәттерде , ғапылдық оның жүрегіне үкімін жүргізе бастайды . Соның салдарынан пенде нәпсісіне еріп , шайтанды дос тұтады . Аллаһ Өзінің Кітәбі Құранда былай-деп , бұйырады :
" Және Біз жүрегін Бізді еске алудан ғапыл етіп қойған , нәпсісінің қалауына ерген және ісі шектен шыққандарға бағынба " (Кәһф:28)
Ал бұл ғапылдық тосқауылынан құтылу үшін , жүрекке мына үш нұрды орнатуға қам жасау керек .
Бірінші нұр: Аллаһ Тағаланың берген нығметтерін іштей де , сырттай да сезіну , тану . Жүрек Аллаһқа - деген махаббатпен бөленгенше осы талпыныста болу . Расында жүрек өзіне жақсылық жасаушыны сүйуге бейім болып жаратылған .
Екінші нұр: Өзінің жасап қойған қылмыстары мен күнәларын естеу , оларға ой жүгірту . Осы нәрсе арқылы адам өзінің бейшара хәлін сезініп , өзін - өзі дүние – ақыреттің жамандығына сүйреп жүргенін біледі . Және сонда өзінің әлсіздігі мен кемшілігінің көптігін байқайды . Әрі Жаратушы Раббысын ұлы да , кәміл сипаттарымен тани түседі . Аллаһқа мұқтаждығын сезініп , Оған жалбарына бас иіп , әміріне бойұсынады . Оның берген нығметі мен кеңшілігі үшін шүкірлік етуге және Оның разылығына жету мақсатында тағат – ғибадаттарды жасауға асығады .
Үшінші нұр : Өткен күндерінде жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне көңіл бұру .Адамның өмірі - ақыретке қам жасау үшін берілген уақыт .Ендігі қалған ғұмырында барлық күш - жігерін өткен өмірінде кеткен кемістіктер мен олқылықтардың орынын толтыруға жұмсау . Сонда бақылаушы , әрі байқампаз болған болып , жүрегі сол істермен мазасызданады . Соның әсерінен өз бойынан ұйқыға шомған жүрегін оятушы сергектікті табады . Және кемшіліктен пәк болған Раббысы Аллаһ Тағалаға әрдайым итағатта болады . Осы үш нұр орнықса жүрекке Аллаһтың нұры түсіп , ғапылдықтың тосқауылы кетіріледі .
Тоғызыншы тосқауыл: Жаман әдеттер мен соқыр еліктеушілік тосқауылы .
Расында кейбір адамдар Аллаһтың емес әдеттің құлына айналған . Мысалы темекіні шегетіндердің біріне "Неге темекіні шегесің ? "-десең , "маған бір жаман әдет пайда болды. Бұл темекіге құмартуышы да емеспін . Оған мұқтаждығым да жоқ . Бірақ ашуға булыққан уақыттарымда біреуін тұтандырып жіберсем , біраз мезгілден кейін ашуымның тарап , жанымның тынышталғанын сезінемін " – дейді . Міне , осылайша жаман әдеттің кесірінен темекінің құлына айналған . Осынысы өзі мен Аллаһтың арасына тосқауыл болады . Сондықтан Аллаһтың разылығына жету жолдарының әуелі – жаман әдеттерге әуес болмай , олардан арылу . Аллаһтың дидарына қауышуды қалаған адамға Одан өзге нәрсеге құлшылық етіп , соның жетегіне түсіп кетуден сақ болуы керек .
Шейхул ислам Ибн Таймия өз сөзінде :
"Кісі тағат - ғибадат тұрғысында Аллаһтан өзге нәрсеге болған тәуелділіктен толық ажырамайынша , жасаған құлшылықтары дұрыс болмайды
"-деген .Аллаһтың қабылдауы мен сүйіспеншілігіне жету үшін , өзге нәрселерге болған тәуелділіктен толық ажырап , Оған қарай таза жүрек , шынайы ықыласпен қадам басу керек .
Оныншы тосқауыл :Мақсат еткен жолдарынан бұрылып кеткен ыждаһаттылардың тосқауылы .
Бұл тосқауыл тағат-ғибадаттарды ләзім тұтып орындаған , бірақ істеген амалдарына баға беріп , өз нәпсілеріне ғажаптанушы пенделер . Өз-өзіне ғажаптанып , баға беріп жасаған амалы - Раббысының разылығына жетуіне тосқауыл болады . Негізінде жасалған амалға тоқмейілсініп ғажаптанудан алыс
болу керек . Пендеге Аллаһтың берген нығметін тану мен өзінің , әрі амалының кемшілігін көрудің арасында болу керек . Сол амалды Аллаһтың жәрдемі мен таупиқының арқасында орындағанын және ол нәрсе Аллаһтың оған берген игілігі мен кеңшілігі екенін білуі керек .Және керісінше "неге керек етілген дәрежеде орындамадым "- деп , амалына зерттеу жүргізгені дұрыс.Амалымды Аллаһ хұзырында қабыл болуына кедергі болатын апатты кемшіліктер ластап қоймады ма екен ?-деп , қорқу керек . Міне осылай болғанда ғана пенде Раббысының разылығына қарай бағытталған жүрісінде ыждаһатты болады . Олай болмаса өзінің жасаған аз амалына риза болып , жүрегі ғажаптанумен байланып , жүрісінен жаңылады .Және осы сиақты істеген амалына риза болып ,
ғажаптану пендені Раббысын ойлаудан әурелеп қояды . Ал бұл нәрсе тосқауыл болады .Себебі , құлдың жасаған амалдарынан тоқмейілсіп риза болуы , өзі жайында артықша жақсы ойда болуын білдіреді . Ал ақиқи ғибадат жайында хабары мардымсыз екенін көрсетеді . Сонымен қатар бұл нәрсе Раббысының қандай ғибадаттарға лайықты екенінен , әрі Оған қалайша ғибадат жасау керектігінен білімінің жоқтығының көрсеткіші болады . Адамның аз амалға мәз болып , өз-өзіне ғажаптануы өз нәпсісін , оның жаратылыс сипатын , қателік -кемшілігін танымаудан және жасаған амалдарының айыптарын ескермеуден туындайды . Және бұл оның Раббысы мен Оның хақысы жайында танымының саяздығы . Міне , сыртқы үлкен күнәлардан да жаманырақ болған өз-өзіне ғажаптану мен тәкәппарлық сияқты күнәлар осындай кемшіліктерден бастау алады . Жасаған амалға риза болып тоқмейілсу-ақылдың кемістігі мен сананың төмендігі . Және мына сөзді айтушы адам қалай дәл тапқан :
" Сен қашан өзің мен Аллаһ үшін жасаған амалыңнан риза болсаң , онда біл , расында Аллаһ ол амалыңнан риза емес . Кім өз нәпсісінің барша жамандық пен кемшіліктің ордасы екенін және амалы барша нұқсан мен апаттардың көздеген нысанасы екенін білсе , онда қалайша ол Аллаһ үшін өз нәпсісі мен амалынан риза бола алады ?!".
Ақылыңды ақиқатқа бұрып бүтін ,
Тани түссең Раббыңның ұлықтығын ,
Анық болып өзіңнің әлсіздігің ,
Білер едің нәпсіңнің бұзықтығын .
Иә , Раббыңның ұлықтығын тани түссең сенің Оның разылығы үшін жұмсаған бүкіл күш-қуатыңның құны түкке татығысыз екенін білесің .Және жан -жағыңа пікір көзімен қарап , Аллаһтың жаратушылық құдіретіне куәгер болып , барша ғибадат - құлшылыққа Оның ғана лайықты екенін білген сайын - Ол Раббың туралы танымың арта түседі .Сонда өзіңді де
тани түсесің ." Ие болып отырмын "- деген , қолыңдағы нығмет пен байлықтардың мөлшеріне көз жеткізесің . Әрі "бір нәрсеге иемін" –деп айтуға ұялар едің . Сол кезде азғантай амалыңа риза болу тұрмақ , Раббыңның алдына бүкіл адамдар мен жындардың жасаған амалдарыменен барсаң да , нәтижеде ешбір нығметке жете алмай қалудан қорқар едің .Расында Аллаһ құлдарының жасаған амалын Өзінің кеңшілігімен , жомарттығымен қабылдайды . Және ол амалдарға сауап пен сыйлықтарды да Өзінің кеңшілігімен , жомарттығымен береді. Осы тұста " барша күш-қуат менде " –дегеннен алыстап , барша күш-қуат Аллаһтан екенін түсінеді . Және бұл оныншы тосқауылдан құтылады .
Осы жоғарыда айтылып өткен тосқауылдардың бірі екіншісінен де қиынырақ . Көрдің бе ей, Аллаһтың пендесі ?!. Сені Раббыңнан қаншама кедергілер алыстатып тұрғанын . Онда Аллаһ үшін айтшы , осы тосқауылдардан қалай құтылуға болады ?. Сен олардан құтылғың келсе , Аллаһқа келтірген иманыңда шынайы бол . Себебі ол тосқауылдардан Аллаһтан өзге ешкім құтқара алмайды .
Бұл тұрғысында имам Ибн Қайим :
"Осы пенденің жүрегі мен Аллаһ Тағаланың арасындағы он тосқауыл , сол пенденің Аллаһтың разылығына жету жолындағы жүрісіне көп кедергісін тигізеді . Және осы он тосқауыл төрт нәрседен бастау алады .Ол нәрселер ; жамандыққа бұйырушы нәпсі , шайтан малғұн , фәни дүние және көңіл қалауы . Осы төрт нәрсенің біреуі жүрекке орнығатын болса , тосқауылдардан ажырау мүмкін емес . Сондықтан , өзің мен Раббыңның арасындағы тосқауылдардан құтылғың келсе , саған осы төрт жамандықтың бастауларынан барынша алыстау тиіс болады ".
Құдіреті күшті Аллаһтан біздерді ықыласты сөздер мен істерге лайықты етуін , әрі жасаған тағат-ғибадаттарымызды қабыл етуін сұранамыз .Және Аллаһ Тағала пайғамбарымыз Мухаммедке , оның әулеті мен сахабаларына игілігі мен сәлемін жолдасын !