Идрис пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) қиссасы

أعرض المحتوى باللغة العربية anchor

translation Авторлық :

Идрис пайғамбардың

(оған Аллаһтың сәлемі болсын) қиссасы

قصة نبي الله إدريس عليه السلام

>Қазақ тілі – Kazakh –< كازاخي

Islamhouse.com

Аса Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Идрис

(оған Аллаһтың сәлемі болсын)

Оның толық аты-жөні: Идрис ибн Ярид ибн Миһләил ибн Қинан ибн Ануш ибн Шис ибн Адам, оларға Аллаһтың сәлемі болсын! Шис оның бесінші атасы болып келеді. Идрис Адамның көзі тірі кезінде дүниеге келген. Ол Адам атаны көрді, онымен жүз жиырма жыл бірге өмір сүрді. Адам мың жыл ғұмыр кешіп, өзінің алтыншы ұрпағын көрген.

Адам және Шис дүниеден өткеннен кейін Аллаһ Тағала Адамның ұрпағының ішінен Идристі пайғамбар етіп таңдады.

«Ол (Идрис) Адам мен Шистен кейінгі алғашқы пайғамбар болды. Сондай-ақ ол алғаш қаламмен жазған» (Ибн Касир, Ибн Исхақ).

Яғни, ол бірінші боп адамдар арасында жазу-сызуды қалыптастырды.

Идрис Шистің шариғатын жалғастырды және оған кейбір нәрселерді қосты. Ол белең алған бұзақылықтың ізгі адамдарға кесірін тигізе бастағанын көріп жиһадты заңдастырды. Ол Аллаһ жолында алғаш соғыс ашып, соғыста тұтқын алған. Ал Аллаһ жолындағы соғыстан олжа алу бірінші боп пайғамбарымызға (оған Аллаһтың салуаты мен сәлемі болсын) рұқсат етілді.

Идрис атты әрі жаяу әскер жасақтап, Қабылдың қауымына шабуыл жасады және оларды жеңді. Олардан тұтқын алды. Сол уақыттан шындық пен өтірік, жақсылық пен жамандық арасында күрес жалғасып келе жатыр.

Бізге Идрис туралы мағлұматтар аз жетті. Аллаһ Тағала Құранда оған ишара жасап:

«(Мұхаммад) Кітаптағы Идристі есіңе ал. Ол шыншыл бір пайғамбар еді. Оны жоғары орынға көтердік», - деген (Мәриям сүресі, 56-57 аяттар).

Оның аятта айтылған жоғары орны туралы айтар болсақ, пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) миғраж кешінде төртінші аспанда Идриспен кездескен болатын (әл-Бұхари, Муслим).

Идрис дүниеден өткеннен кейін жер бетінде ұзақ уақыт пайғамбар жіберілмеді. Адамдар Адам, Шис және Идристің (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) шариғатымен жүрді.

Алғашқы пұтқа табынушылық

Уақыт өте келе халық арасында бұзақылық тарады. Дегенмен, адамдар Аллаһты жалғыз деп білетін. Адам дүние салғаннан мың жылға дейін жер бетінде пұтқа табынушылық болмаған. Сондықтан Аллаһ Тағала:

«Адам баласы бір үмбет еді», - деген (Бақара сүресі, 213 аят).

Бұл аралықта адамдар таухидте (бірқұдайшылықта) жүргенмен қылмыс пен бұзақылық көбейді. Десе де, олардың арасында ізгі кісілер де бар еді. Адамдар оларды құрметтеп, тағзым ететін. Дәл қазіргі сияқты, адамдар ғалымдар мен ізгі адамдарды сыйлады, бірақ, күнә істеулерін жалғастыра береді. Қазіргі таңда да халық арасында осы әдет қалыптасқан.

Осы ізгілерді шектен тыс дәріптеу адамзат тарихында алғаш ширктің бас көтеруіне себеп болды. Имам Бұхари Аллаһ Тағаланың:

«Олар: «Құдайларыңды тастамаңдар; уадты, суағты, яғусты, яғуқты және нәсірді әсте тастамаңдар», - десе-ді» (Нұх сүресі, 23 аят), - деген сөзінің түсіндірмесі туралы: «Бұлар Нұх пайғамбардың қауымындағы ізгі адамдардың есімдері. Олар дүние салған уақытта, шайтан олардың қауымын азғырып: «Олардың мәжіліс құрған орындарына (ескерткіш ретінде) белгі тас қойыңдар және ол тастарды сол адамдардың атымен атаңдар!» - деді. Олар солай істеді. (Бұл уад тасы, ал мынау яғуқ пен нәсірдің және т.с.с. тасы деп аталды). Бірақ, оларға табынбады. Осы тастардың тарихын білетін адамдар дүниеден өтіп, кейінгі ұрпақтар дүниеге келді. Олар бұл тастардың қиссасынан хабарсыз еді. Олар тастарды тәбәрік деп білетін. Бұл тастардың не үшін қойылғаны туралы мәлімет ұмыт болып, оларға табынды», - деп Ибн Аббастан (екеуіне Аллаһ разы болсын) риуаят еткен.

Ибн Аббас (екеуіне Аллаһ разы болсын):

«Нұхтың қауымында болған пұттар кейіннен арабтарға өтті», - деген.

Аллаһқа серік қосу көбейіп, адамдар ширкке бой ұрды. Сонымен құлпытастарға сыйыну басталды.

Қолданылған әдебиеттер: Ибн Касирдің «Қисасуль-Әнбия», «Әл-бидәя уа ән-ниһая».

1

Идрис пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) қиссасы

3.3 MB DOCX
2

Идрис пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) қиссасы

354.2 KB PDF

Бөлімдер