ЗУЛ-ХИЖЖАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІНІҢ ҰЛЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ СОНДАЙ-АҚ ӘТ-ТӘШРИҚТІҢ ҮШ КҮНІ ТУРАЛЫ
Бөлімдер
Дерек көздері
Full Description
ЗУЛ-ХИЖЖАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІНІҢ ҰЛЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
СОНДАЙ-АҚ
ӘТ-ТӘШРИҚТІҢ ҮШ КҮНІ ТУРАЛЫ
فضائل عشر ذي الحجة وأيام التشريق
<Қазақ тілі – Kazakh – كازاخي >
сайтының редакциясы дайындаған
қазақ тіліне аударған www.abuhanifa.kz
www.toislam.com من الموقع
ЗУЛ-ХИЖЖАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІНІҢ ҰЛЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
СОНДАЙ-АҚ
ӘТ-ТӘШРИҚТІҢ ҮШ КҮНІ ТУРАЛЫ
Бірінші басылым
сайтының редакциясы дайындаған
қазақ тіліне аударған www.abuhanifa.kz
Мазмұны
Кіріспе
Зул-хижжа айының алғашқы он күнінің ұлы артықшылықтары туралы
Зул-хижжаның он күні – бұл жылдың ең ұлы күндері
Игі істердің ең жақсылары – бұл зул-хижжа айының он күнінде істелген істер
Зул-хижжаның он күніндегі Аллаһты зікір ету сөздері мен Айт (мереке) тәкбірлері
Мерекелі тәкбірлерді нақты қашан айту керек
Әйелдер мерекелі тәкбірлерді айтады ма?
Мерекелі тәкбірлердің түрлері
Зул-хижжа айының алғашқы тоғыз күнінде ораза ұстау туралы
Тоғызыншы зул-хижжа – Арафа күні ораза ұстау
Қажылық жасаушы адам Арафа күні ораза ұстамауы жақсырақ екендігі туралы
Зул-хижжа – бұл Исламның ең ұлы тіректерінің бірі болған Қажылықтың рәсімдері орындалатын ай
Қажылық рәсімдерінің ұлы артықшылықтары туралы
9 Зул-хижжа – бұл ұлы Арафа күні
Арафа күнінде Аллаһ құлдарын Тозақтан азат етеді, әрі олардың күнәларын кешіреді
Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнінде жасалған дұға
10 Зул-хижжа – Бұл Құрбан Айт намазы орындалатын күн (саләтул-‘Ид)
Айт намазының уақыты
Айт намазынан кейін бір-бірін құттықтауға рұқсат етілгендігі туралы
Ораза Айт пен Құрбан Айт күндері ораза ұстауға тыйым салынғандығы туралы
Ораза айт пен Құрбан Айттағы түнгі намаздар жайында
10 Зул-хижжа – бұл мерекелі құрбан шалу (Удхия) басталатын күн
Мерекелі құрбан шалуды орындау уақыты
Құрбандыққа шалынатын малға қатысты қойылатын шарттар
Әт-Тәшриқтің үш күні туралы
Әт-Тәшриқ күндері – бұл ішіп-жеу және Аллаһ Тағаланы зікір ету күндері
Әт-Тәшриқ күндерінде ораза ұстауға тыйым салынғандығы туралы
Әдебиет
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
КІРІСПЕ
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
«Әй, мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер!» («Әли ‘Имран» 3: 102).
«Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Оның атымен бір-біріңнен сұрайтын Аллаһтан қорқыңдар, әрі туыстық (байланыстарды) үзуден қорқыңдар. Ақиқатында, Аллаһ сендерді бақылауда!» («ән-Ниса», 4: 1).
«Әй, мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бой ұсынса, ол ұлы табысқа ие болды» («әл-Әхзаб» 33: 70-71).
Содан соң:
Ақиқатында, ең жақсы сөздер – бұл Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолы. Ең жаман амалдар – бұл діндегі жаңалықтар, діндегі әрбір жаңалық – бидғат, әрбір бидғат – бұл адасушылық, ал әрбір адасушылық – Отта.
Құлдары Оған әртүрлі ғибадаттар арқылы жақындайтын күндер мен түндерді, сондай-ақ жыл мезгілдерін жаратқан Аллаһқа мадақ. Әрбір мұсылман адам бүкіл өмірінің барысында өзінің Раббысына құлшылық етуге және Оның бұйрықтарын орындауға міндетті. Аллаһ Тағала былай деді: «Раббыңа саған айқын көз жетушілік келгенге дейін құлшылық ет» («әл-Хижр», 15: 99).
Салим ибн ‘Абдуллаһ, Мужаһид, Қатада және басқа да сәлафтар: «Айқын көз жетушілік – бұл өлім!», - деп айтқан. Қз.: “Тафсир әт-Табари” 12/384, “Тафсир Ибн Абу Хатим” № 12457.
Алайда Аллаһ Тағала кейбір уақыт кезеңдерін, күндер мен айларды ардақты етті, әрі оларда жасалатын құлшылықтар Аллаһ үшін басқа уақыттарға қарағанда артығырақ әрі сүйіктірек болып табылады. Әрі әрбір мұсылман осыған ерекше көңіл бөлуі қажет. Хафиз Ибн Ражаб былай деп айтатын: “Уақытты жаратқан және игі істер көбейетін кейбір айларды, күндер мен түндерді ардақтап, белгілі бір уақытты басқасынан артық еткен Аллаһқа мадақ. Осындай уақыт кезеңдеріндегі сауаптар Аллаһтың Өз құлдарына түсірген нығметі ретінде, бұл оларға игі істер істеуде, мойынсұнушылық танытуда және ынтаны жаңартуда көмек болуы үшін көбейе түседі”. Қз.: “Ләтаифул-мә’ариф” 39.
Имам әл-Мунауи әт-Тыбидің былай деп айтқанын жеткізген: “Игі амалдар, олардың міндеттілері де, сүннеттері мен әдепке (қатыстылары) да, өздерінің құндылықтарындағы айырмашылықтарына қарамастан, бірінің үстінен бірі артықшылыққа ие болады. Өйткені басқа амалдар оның үстінен артықшылыққа ие болған қаншама амалдар белгілі уақыттың немесе орынның себебімен басқа амалдардан артық болады!” Қз.: “Фәйдул-Қадир” 5/584.
Сөйтіп, жыл барысындағы барлық түндердің ішінен Аллаһ Тағала Қадір түнін, ал күндердің ішінен Құрбан Айт пен Арафа күндерін ардақтады. Айларға келсек, Аллаһ онда ораза ұстауды парыз еткен Рамазан айын ардақтады. Аптаның күндеріне келер болсақ, Аллаһ жұманы ардақтады. Ал тәуліктің уақыттары туралы айтар болсақ, Аллаһ мұсылманның дұғасы жауапсыз қалмайтын түннің соңғы үштен бір бөлігін ардақтады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Ең жақсы уақыт – бұл түннің соңғы бөлігі!» әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 1106.
Сондай-ақ барлық айлардың ішінен Аллаһ қасиетті еткен төртеуін ардақтады. Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Аллаһтың қасында айлардың саны он екі. Аллаһ көктер мен жерді жаратқан күні Кітабына осылай деп жазылған болатын. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне, осы берік дін. Ендеше, бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер» («әт-Тауба» 9: 36).
Ал олар қайсы айлар екендігіне қатысты айтар болсақ, онда бұны Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уақыт оралып, Аллаһ көктер мен жерді жаратқан күндегі кейпіне келді. Жыл он екі айдан тұрады, олардың төртеуі қасиетті болып табылады. Олардың үшеуі: зул-қа’да, зул-хижжа және мухаррам – бірінен соң бірі ілеседі, ал төртіншісі – жумада сәнийя мен шағбан айларының арасынан орын алған ражаб мудара», - деп түсіндірген. Әл-Бухари 3197.
Әрбір мұсылман осы айлардың қасиеттілігіне ықыласпен қарауы қажет, өйткені Аллаһ оларды ерекше маңызды болуы себепті ардақты етті әрі олардың қасиеттілігіне құрмет ретінде оларда күнә істеуге тыйым салды, өйткені Аллаһ қасиетті еткен бұл уақыттың ұлықтығынан осы айларда істелген күнәлар басқа айларда істелген күнәларға қарағанда ауырырақ болып саналады. Сондықтан да Аллаһ Тағала былай дейді: «Ендеше, бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер» («әт-Тауба», 9: 36).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай дейді: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһтың рәсімдік белгілерінің, құрметті айдың қасиеттілігін бұзбаңдар» («әл-Мәида», 5: 2).
Ибн ‘Аббас былай дейтін: “Аллаһ он екі айдың ішінен төртеуін қасиетті етіп, олардың маңызын ұлықтап, ардақтады. Әрі Ол осы айларда (істелген) күнәларды жаманырақ, ал игі амалдар мен сауапты көбірек етті!” Ибн Абу Хатим “әт-Тафсир” № 10000.
Ақиқатында, осы аталған жыл мезгілдері мен айлардың арасында алғашқы он күні жылдың ең ұлы күндері болып табылатын зул-хижжа айы да бар. Міне, Аллаһ Тағаланың рұқсатымен енді солар туралы сөз болады.
ЗУЛ-ХИЖЖА АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІНІҢ ҰЛЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ
Зул-хижжаның он күні – бұл жылдың ең ұлы күндері
Жәбирден Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Бұл дүниенің ең жақсы күндері зул-хижжа айының алғашқы он күні болып табылады!» Әл-Баззар, Ибн Хиббан. Хафиз әл-Мунзири, хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 50, «Сахих әл-жәми’» 1133.
Хафиз Ибн Хәжар былай деген: “Зул-хижжа айының алғашқы он күнін ерекшелеудің себебі осы күндердің ішінде құлшылықтың намаз, ораза, садақа және қажылық сияқты ең маңызды түрлері жиналатынында екені айқын болады. Осының барлығы басқа уақытта бірге жиналмайды”. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 5/137.
Сондай-ақ осы он күндікте Аллаһты зікір ету, тәкбірлер айту, мерекелі Құрбан шалу (Удхия) және басқа да көптеген рәсімдер заңдастырылған.
Аллаһ Тағала зул-хижжа айының алғашқы он күнімен ант етті, ал Аллаһтың анты осы күндердің ұлықтығы мен маңыздылығына нұсқайды. Аллаһ Тағала былай деген: «Таңмен ант! Он түнмен ант! Жұп және тақпен ант!» («әл-Фәжр» 89: 1-2).
Ибн ‘Аббас былай деген: “Он күн – бұл зул-хижжа айының алғашқы он күні!” Ибн Абу Хатим 19233. Хафиз Ибн Ражаб сахихтығын растаған.
Имам Ибн Хәжар әл-Хайтами былай деген: “Ал «Ибн ‘Аббас: “«Он түн» – бұл Рамазан айының он күні”, - деп айтқан» деген хабарға келсек, оның иснады әлсіз”. Қз.: “Итхаф әһл әл-Исләм би хусусыят әс-сыям” 329.
Осы аятта «он түн» дегенде зул-хижжа айының алғашқы он күні айтылатынын Ибн әз-Зубайр, Мужаһид, Мәсруқ тағы да басқалар айтқан, әрі осы пікір, бұл туралы имам әт-Табари мен хафиз Ибн Касир т.б. айтқандарындай, ең дұрыс пікір болып табылады. Қз.: “Тафсир әт-Табари” 30/190, “Тафсир Ибн Касир” 4/539.
Ал осы аятта айтылатын «таң» туралы айтар болсақ, Мужаһид: «Сөз әрбір таң туралы емес, дәл Құрбан Айт күнінің (10 зул-хижжа) таңы туралы болуда!», - деген. Ибн Абу Хатим 19232.
Ал «жұп пен тақ» сөздеріне келер болсақ, Ибн ‘Аббас өзінің пікірлерінің бірінде: «Жұп – бұл Құрбан (айт) күні, ал тақ – бұл Арафа күні», - деген. Қз.: “Тафсир Ибн Абу Хатим” 19244.
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Зул-хижжаның он күні Рамазанның он күнінен жақсырақ, ал Рамазан айының он түні зул-хижжа айының он түнінен жақсырақ!”. Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 25/287.
Хафиз Ибн Касир былай деген: “Көптеген хадистер зул-хижжа айының алғашқы он күні жылдың басқа күндерінің барлығынан жақсырақ екеніне нұсқайды, әрі олар Рамазанның соңғы он күнінен жақсырақ. Алайда Рамазанның соңғы он түні жылдың басқа түндерінің барлығынан жақсырақ, өйткені олар өзінің ішіне мың айдан жақсырақ болған Қадір түнін қамтиды”. Қз.: «Тафсир Ибн Касир» 5/412.
Ең жақсы игі істер – бұл зул-хижжа айының он күнінде істелген істер
Ибн ‘Аббастың сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Аллаһ үшін зул-хижжа айының алғашқы он күнінде жасалған игі амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ [әрі (олар үшін берілетін сауаптан) үлкен сауап та жоқ]». Одан: “Тіпті Аллаһтың жолындағы жиһад та ма?», - деп сұраған кезде, ол: «Егер өмірі мен мал-мүлкін қауіпке салып, Аллаһ жолына шыққан әрі осылардың ешқайсысын қайтып алып келмеген адамды санамасақ, тіпті Аллаһтың жолындағы жиһад та», - деп жауап берді. Әл-Бухари 2/162, Абу Дауд 2438, әт-Тирмизи 757. Осы жерде әт-Тирмизидің риуаяты келтірілген, ал тік жақшаларға алынған сөздер имам әд-Дәримидің риуаятында келген 1/357.
Хафиз Ибн Ражаб былай деп жазған: “Бұл хадисте өзінен басқа бір амал артықшылыққа ие болған амал белгілі бір уақытта сауабы бойынша одан артық болуы мүмкін екеніне нұсқау бар. Әрі зул-хижжаның он күніндегі амалдар басқа уақытта жасалатын барлық басқа амалдардан артық!” Қз.: “Фәтхул-Бәри” 9/12.
Уа, мұсылмандар, зул-хижжа айының алғашқы он күнінде істелген кез келген игі амалды тіпті басқа уақытта жасалған жиһадтан да артық еткен Аллаһ Тағаланың Өз құлдарына деген рахымына қараңыздаршы!
Имам Ибн Қудама былай дейтін: “Зул-хижжаның он күнінің барлығы ондағы игі амалдар сауабы бойынша екі есе көбейетін құрметті әрі ардақты күндер болып табылады. Әрі осы күндердің барысында құлшылықта ыждағаттылық таныту абзал болып табылады!” Қз.: “әл-Муғни” 3/105.
«Зул-хижжа айының он күні басталған кезде Са’ид ибн Жубайр құлшылық етуде өзгелер онымен теңдесе алмайтындай ыждағаттылық танытатын еді», - деп хабарланады. Әл-Бәйһақи 3752, әт-Тахауи 4/113.
Ал Са’ид ибн Жубайрдың өзі осы түндерді намаз оқумен өткізуге ынталандырып: «Зул-хижжаның он түнінде шамдарыңды өшірмеңдер!», - деп айтатын. Қз.: “Ләтаифул-мә’ариф” 426.
ЗУЛ-ХИЖЖАНЫҢ ОН КҮНІНДЕГІ АЛЛАҺТЫ ЗІКІР ЕТУ СӨЗДЕРІ МЕН АЙТ (МЕРЕКЕ) ТӘКБІРЛЕРІ
Аллаһ Тағала былай деген: «Белгілі күндерде Аллаһты зікір етіңдер» («әл-Хаж» 22: 28).
Ибн ‘Аббас: “«Белгілі күндер» - бұл зул-хижжа айының алғашқы он күні”, - деген. Қз.: “Сахих әл-Бухари” 1/321.
Ибн ‘Умардан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Аллаһ үшін зул-хижжаның он күнінен ұлығырақ күндер және (сол күндерде істелген) амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ. Ендеше, осы күндерде «субхана-Лллаһ», «әлхамдулилләһ», «лә иләһа иллә-Ллаһ» және «Аллаһу әкбар» сөздерін айтуды көбейтіңдер!”, - деп айтқаны жеткізіледі. Ахмад 7/224, әт-Табарани “әл-Кәбирде” 3/110. Хадистің сахихтығын хафиз әл-Мунзири, әл-Хайсами және шейх Ахмад Шакир растаған.
Сөйтіп, осы он күнде Аллаһты зікір ету сөздерін көбейту керек екен! Имам ән-Нәуауи былай дейтін: “Зул-хижжа айының он күнінде Аллаһты зікір етуді көбейтіп, әдеттегіден оны көбірек істеу керек екендігін біл. Ал Арафа күні зікірді басқа он күннен көбірек айтқан абзал”. Қз.: “әл-Әзкар” 38.
Имам әл-Бухари былай деп баяндайтын: “Ибн ‘Умар мен Абу Хурайра зул-хижжаның он күнінде базарға шығып, тәкбір айтатын. Адамдар да оларға қосылып тәкбір айта бастайтын”. Қз.: “Сахих әл-Бухари” 1/321.
Ал мерекелі тәкбірлерді айтудың нақты уақытына келер болсақ, олар «Арафа күні таң (фәжр) намазынан кейін басталады да, әт-тәшриқтің үшінші күніндегі екінті намазына дейінгі уақытты (қосып) қамтиды», әрі осы Али ибн Абу Талибтен, Ибн Мәс’удтан және Ибн ‘Аббастан жеткізіледі. Ибн Абу Шәйба 1/12, әл-Бәйһақи 3/314, әл-Хаким 1/300.
Әрі сахабалардан біреу осы мәселе бойынша басқаша айтқаны белгісіз. Имам Ахмадқа «Сіз ненің негізінде тәкбірлер Арафа күнінің таң намазынан басталып әт-тәшриқтің соңғы күніне дейін жалғасады деп есептейсің?» деген сұрақ қойылғанда, ол: «Умардан, ‘Алиден, Ибн ‘Аббас пен Ибн Мәс’удтан (Аллаһ оларға разы болсын) жеткен бірауызды келісімнің (ижма`) негізінде!», - деп жауап берген. Қз.: “әл-Муғни” 3/289, «әл-Мәжму’» 5/35.
Мерекелі тәкбірлерді дәл қай уақытта айту керек
Мерекелі тәкбірлерді айту уақытының кірісімен оларды кез келген уақытта айтуға болады, өйткені оларды айту, көпшілік ойлайтындай, тек парыз намаздарының аяқталуымен ғана байланысты емес! Имам әл-Бухари өзінің «Сахих» жинағында: «Ибн ‘Умар әт-Тәшриқ күндері әр намаздан кейін де, төсегінде жатып та, шатырында болған кезде де, адамдармен бірге болған кездерде де, бір жаққа жаяу барғанда да тәкбір айтатын», - деп баяндаған. Әл-Бухари 1/461.
Сондай-ақ имам әл-Бухари Ибн ‘Умар мен Абу Хурайра зул-хижжаның он күні барысында базарға шығып, тәкбір айтатындарын, әрі осы арқылы оларды осы сөздерді айтуға ынталандыратынын баяндаған. Сол сияқты Мухаммад ибн ‘Али де тәкбірлерді нәпіл намаздарынан кейін айтатын болған. Әл-Бухари 2/448.
Хафиз Ибн Хәжар мерекелі тәкбірлер туралы сәлафтардан жеткен сөздерге қатысты былай деген: “Бұл хабарлар осы күндерде намаздардан кейін де, басқа уақыттарда да тәкбір айтудың заңдылығына нұсқайды”. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 2/535.
Сондай-ақ Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес айт намазы оқылатын орынға барарда да тәкбір айту керек. Ибн Умар былай баяндайтын: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі айт намазына Фәдл ибн ‘Аббаспен, ‘Абдуллаһ ибн ‘Аббаспен, ‘Алимен, Жә’фармен, Хасанмен, Хусайнмен, Усама ибн Зайдпен, Зайд ибн Харисамен және Айман ибн Умм Айманмен бірге шығатын. Олар намаз орындалатын орынға жеткенше «лә иләһа иллә-Ллаһ» және «Аллаһу әкбар» сөздерін айтқанда дауыстарын көтеретін”. Әл-Бәйһақи 3/279. Шейх әл-Әлбани сахихтығын растаған. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 4934.
«Ибн ‘Умардың (өзі де), Ораза айт және Құрбан айт күндері айт намаздарына бара жатқанда, намаз орындалатын орынға жетпейінше дауыстап тәкбір айтқан, әрі кейін де имам келгенге дейін (тәкбір айтуды) жалғастырған», - деп хабарланады. Әд-Дарақутни, Ибн Абу Шайба. Иснады сенімді. Қз.: “Ируаул-ғалил” 650.
Имам әш-Шаукани былай деген: “Мерекелі тәкбірлер тек парыз намаздарынан кейін айтылумен шектелмейді. Керісінше, оларды кез келген уақытта айтқан абзал!” Қз.: “әд-Дурарул-мудыя” 1/195.
Шейх Сыддық Хасан Хан былай дейтін: “Тәкбірлердің нақты бекітілген бір түрі де, тәкбір айту үшін бекітілген нақты бір уақыт та, немесе олардың нақты бекітілген саны да жоқ. Керісінше, тәкбір айтудың санын намаздардан кейін де, басқа уақыттарда да көбейте беруге рұқсат етілген! Ал біздің кезімізде адамдардың әдетіне айналған әр парыз намазынан кейін үш реттен, ал нәпіл намазынан кейін бір реттен тәкбір айтуға келер болсақ, бұған сахабалардан ешқандай нұсқау жоқ!” Қз.: “әр-Раудату-ннәдия” 1/367.
Әйелдер мерекелі тәкбірлерді айтады ма?
Имам әл-Бухари былай деп баяндайтын: «Мәймуна Құрбан айт күнінде тәкбір айтатын. Сондай-ақ әйелдер де әт-Тәшриқ түндерінде ерлермен бірге мешітте намаз оқып болып, Абан ибн ‘Усман мен ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиздің ізінен тәкбір айтатын». Әл-Бухари 2/463. Алайда әйелдер бұл тәкбірлерді қатты дауыстап айтпаулары керек.
Мерекелі тәкбірлердің түрлері
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеке өзінен жеткен нақты тәкбір айтудың үлгісіне қатысты бірде-бір сахих хабар жоқ. Алайда тәкбір сөздері сахабалардан сенімді түрде жеткізіледі.
Ибн Мәс’уд былай дейтіні жеткізіледі:
الله أكبر الله أكبر لا إله إلا الله، والله أكبر الله أكبر ولله الحمد
«Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар! Лә иләһа иллә-Ллаһ! Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, уә лиЛләһил хамд!» (мағынасы: «Аллаһ Ұлы, Аллаһ Ұлы! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ! Аллаһ Ұлы, Аллаһ Ұлы, әрі Аллаһқа мақтау-мадақ!»). Ибн Абу Шәйба 2/2. Шейх әл-Әлбани иснадының сахихтығын растаған.
Тағы да Ибн Мас’удтың былай дейтіні жеткізілген:
الله أكبر كبيراً الله أكبر كبيراً الله أكبر وأجلّ ، الله أكبر ولله الحمد
“Аллаһу Әкбар кәбиран, Аллаһу Әкбар кәбиран, Аллаһу Әкбар уә әжәл, Аллаһу Әкбар уә ли-Лләһил-хамд”. Әл-Мухамили. Иснады сахих. Қз.: “Ируауль-ғалиль” 3/126.
Ибн ‘Аббастың былай дейтіні жеткізіледі:
الله أكبر الله أكبر الله أكبر ولله الحمد الله أكبر وأجلّ الله أكبر على ما هدانا
“Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар уә ли-Лләһил-хамд! Аллаһу Әкбар уә ажәл, Аллаһу Әкбар ‘алә мә һадана!” (мағынасы: «Аллаһ Ұлы! Аллаһ Ұлы! Аллаһ Ұлы! Барлық мақтау Аллаһқа тән! Аллаһ аса Ұлы әрі Жоғары! Аллаһ бізді Хақ Жолға салғаны үшін аса Ұлы»). Әл-Бәйһақи 3/315. Иснады сахих.
Сәлман әл-Фариси былай дейтін: “Тәкбірді былай айтыңдар:
الله أكبر، الله أكبر كبيراً
«Аллаһу Әкбар, Аллаһу Әкбар кәбира»”. Абдур-Раззақ. Хафиз Ибн Хәжар иснадын сахих деген. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 2/536.
Мерекелі тәкбірлердің дәл сахабалардан сенімді түрде жеткендеріне тоқталу әрі оларға қандай да бір қосымшалар қоспау керек, өйткені, ақиқатында, әрбір адам үшін сахабалардың жеткізген нәрселері жеткілікті. Хафиз Ибн Хәжар: “Осы кездерде мерекелі тәкбірлерге ешқандай негізге ие болмаған қосымшалар енгізілген!”, - дейтін. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 2/536.
Бұл сөздер осыдан жеті жүз жыл бұрын айтылған болатын, ал біздің кезіміздегі түрлі қосымшалар мен бұрмалаулар туралы не айтуға болады?!
ЗУЛ-ХИЖЖА АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОҒЫЗ КҮНІНДЕ ОРАЗА ҰСТАУ ТУРАЛЫ
Хунайд ибн Халидтің әйелінің сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір әйелдері: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ашура күнінде, зул-хижжа айының алғашқы тоғыз күнінде[1], әр айда үш күн, және дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстайтын еді", - деп баяндағаны жеткізіледі. Абу Дауд 2437, ән-Нәсаи 2372, 2417, Ахмад 6/288, әл-Бәйһақи 285.
Хафиз Ибн Ражаб: “Оның иснадына қатысты келіспеушіліктер бар”, - деп айтқанындай, бұл хадистің сахихтығы туралы ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар. Қз.: “Ләтаифул-мә’ариф” 461.
Аталған хадистің барлық жеткізушілері сенімге лайық, алайда таластың басты себебі – оның сөздерінен осы хадис жеткізілетін Хунайдтың әйелі. Бір имамдар ол туралы еш нәрсе белгілі емес деген, алайда хафиз Ибн Хәжар ол сахаба әйел болған деп есептеген. Ол былай дейтін: “Бұл хадисті Хунайд ибн Халид өзінің әйелінің сөздерінен жеткізген, ал ол оны мүміндердің анасы Хафсадан жеткізген. Хунайдтың әйеліне келер болсақ, мен оның атын таппадым, бірақ ол сахаба. Сондай-ақ бұл хадис Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі Умм Сәламадан да жеткізіледі”. Қз.: “Тақриб әт-тахзиб” 763.
Сахабаның есімінің белгісіз болуы хадистің сахихтығына зиян тигізбейді, өйткені барлық сахабалар сенімге лайық. Қз.: “әт-Тағлиқ әт-та’лиқ” 5/21, “Фәтхул-Бәри” 10/24.
Сондай-ақ бұл хабар енді Хунайдтың әйелінен емес, оның өзінен жеткізілген, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі Хафса: ”Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) төрт нәрсені тастамайтын: Ашура күнгі оразаны, зул-хижжаның он күніндегі оразаны, ай сайын үш күн оразаны және таң намазынан алдыңғы екі ракағатты”, - деп баяндайтын хадиспен күшейтіледі. Ахмад 6/287.
Бірақ бұл риуаяттың жеткізушілер тізбегінде беймәлім болып табылатын Абу Исхақ әл-Әшжа’и деген кісі бар. Көпшілік ғалымдар бұл хадисті растайтын куәліктердің болуы себебімен оны сахих деп санаған. Олардың арасында мына ғалымдар да бар: имам әс-Суюты, шейх Сыддық Хасан Хан, шейх әл-Әлбани, шейх Мухаммад ибн Адам әл-Атюби. Қз.: “әл-Жәми’ әс-сағир” 7078, “әр-Раудату-нәдийя” 1/556, “әт-Та’лиқат әл-жияд” 4/38, “Сахих Сунан Абу Дауд” 2106, “Шарх Сунан ән-Нәсаи” 21/282 и 338.
Сондай-ақ көптеген имамдар да осы хадиске сүйеніп, оны өздерінің жинақтарында дәлел ретінде келтірген. Мысалы, имам Абу Дауд пен Ибн Мәжаһ бұл хадисті өз хадис жинақтарында келтірген әрі (ол келтірілген) бапты «Зул-хижжаның он күнінде ораза ұстау» деп атаған. Қз.: “Сунан Абу Дауд” 2/815, “Сунан Ибн Мәжаһ” 1/550.
Имам әш-Шәукани былай дейтін: “Бұл хадисте зул-хижжа айының он күнінде ораза ұстаудың құпталатынына нұсқау бар”. Қз.: “Нәйлюл-аутар” 2/284.
Алайда кейбір ғалымдар аталған хадистің әлсіздігіне сондай-ақ оның Айша жеткізген «Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зул-хижжа айының он күнінде ораза ұстағанын ешқашан көрмегенмін» деген хадиске қайшы келуі де нұсқайды деген. Муслим 1176.
Бұл дәйекке жауап:
Біріншіден, бұл туралы имам Ахмад айтқандай, бұл хадис имам Муслимнің «әс-Сахихында» келтірілгеніне қарамастан, оның иснадының сахихтығы жөніндегі күмән талқыланып жатқан хадистен кем емес. Қз.: “Итхаф әһл әл-Исләм би хусусыят әс-сыям” 328.
Ал хадистану ғылымындағы әд-Дарақутни мен Абу Хатим сынды ұлы имамдар бұл хадистің тізбегінде бір жеткізуші қалдырылғандықтан оны мурсал деп есептеген. Қз.: имам әд-Дарақутнидің “әл-‘Иләл” 5/129 және имам Абу Хатимнің “әл-‘Иләл” 1/264 еңбектерін қараңыз.
Екіншіден, егер бұл хадистің сенімділігі бір мағыналы түрде қабылданатын болғанда да, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зул-хижжа айының он күнінде ешқашан ораза ұстамағанына нұсқау жоқ. Айша мұны көрмегенін айтады, ал оның мұны көрмегені мұндай факт орын алмаған дегенді білдірмейді.
Бұдан қалса, кейбір имамдар Айшаның осы хадисіне сүйеніп, зул-хижжа айының он күнінде ораза ұстау құпталмайтын амал деп есептеген. Алайда бұл пікір көптеген себептерге байланысты өте әлсіз.
Қады ‘Ийяд Айшаның хадисіне берген түсіндірмесінде былай деген: “Зул-хижжа айының тоғыз күнінде ораза ұстау мақұлданбайтынына қатысты бұл хадиске сүйенуге болмайды!” Қз.: “Икмәл-му’лим” 4/159.
Имам Абул-‘Аббас әл-Қуртуби де осы хадиске қатысты: “Бұл хадистен осы күндерде ораза ұстау құпталмайды деп түсінілмейді. Керісінше, бұл күндерде (жасалған) игі амалдар басқа уақыттағылардан жақсырақ!” Қз.: “әл-Муфхих” 3/253.
Имам Ибн Хузайма өзінің жинағындағы Айшаның хадисін келтірген бапты: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір нәпіл амалдарды орындауды қалап тұрса да, бұл амал оның үмметіне міндеттілік болып жүктелетінінен қауіптеніп, оларды қалдыратын, өйткені ол адамдарға олардың міндеттемелерін жеңілдетуді ұнататын”, - деп атады. Қз.: “Сахих Ибн Хузайма” 3/293.
Имам әл-Бәйһақи Хунайд пен Айшаның хадистерін атап кеткен соң, былай деген: “Бекітіп айтушыға теріске шығарушының алдында басымдық беріледі, әрі жоғарыда Ибн Аббастан келтірілген хадисте[2] де ескеріледі”. Қз.: “Сунан әл-Бәйһақи” 4/274.
Имам ән-Науауи былай деген: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол күндерде ауырған немесе сапарда болған, немесе Айшаның өзі оның ораза ұстағанын көрмеген болуы ықтимал. Әрі осындай түсіндірмеге Хунайд ибн Халидтің әйелі пайғамбардың кейбір әйелдері оның зул-хижжа айының тоғыз күнінде ораза ұстағанын көргендері туралы баяндаған хадисі де нұсқайды”. Қз.: “Шарх Сахих Муслим” 8/50.
Шейх Сыддық Хасан Хан былай дейтін: “Айша (Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зул-хижжаның он күнінде ораза ұстағанын) көрмеуі және білмеуі мұның болмағанына нұсқамайды!” Қз.: “әр-Раудату-надийя” 1/556.
Шейх Ибн ‘Усаймин былай дейтін: “Зул-хижжа айындағы ораза туралы мағынасы бойынша бір-біріне қарама-қайшы екі хадис жеткізілген. Олардың біреуінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы күндерде ораза ұстамады деп, ал басқасында ол олардың барысында ораза ұстады деп келтірілген. Имам Ахмад осы хадистерге қатысты: «Ақиқатында, бекітіп айтушыға теріске шығарушының алдында басымдық беріледі», - деп айтқан. Кейбір ғалымдар теріске шығарушы хадисті сенімдірек деп санап, оған басымдық беретін. Алайда имам Ахмад екі хадисті де сахих деп санаған әрі: «Ақиқатында, бекітіп айтушыға теріске шығарушының алдында басымдық беріледі», - деген”. Қз.: «Шәрхул-мумти’» 5/19.
Бірақ тіпті Хунайдтің Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зул-хижжаның тоғыз күнінде ораза ұстады деген хадисін тастасақ та, мұның (ораза ұстаудың – аудармашыдан (қаз.)) құпталатынына сахихты туралы ғалымдар арасында ешбір күмән жоқ «Аллаһ үшін зул-хижжа айының он күнінде орындалған игі амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ!» деген хадис нұсқайды. Әл-Бухари 2/162, Абу Дауд 2438, әт-Тирмизи 757.
Ал ораза игі амалдарға жатпайды ма?! Ақиқатында ораза игі амалдардың ең жақсысына жатады! Абу Умама әл-Бахили былай баяндайтын: “Бірде мен Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Маған Жәннатқа кіруіме мүмкіндік беретін бір амал бұйырыңызшы», - дедім. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен ораза ұстауың керек, өйткені оған жететін еш нәрсе жоқ», - деп жауап берді. Ал содан соң мен оның алдына тағы да бір рет келдім әрі ол тағы да: «Сен ораза ұстауың керек», - деді”. Ахмад, ән-Насаи, әл-Хаким, Ибн Хиббан. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 4044 және “Сахих әт-тарғиб” 977.
Хафиз Ибн Хәжар: «Аллаһ үшін зул-хижжа айының он күнінде орындалған игі амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ!» деген хадис туралы былай деген: “Ораза игі амалдарға жататынын негізге алған түрде, бұл хадис зул-хижжаның он күнінде ораза ұстаудың артықшылығына дәлел ретінде қолданылған”. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 2/534.
Бұдан қалса, зул-хижжаның тоғыз күнінде ораза ұстаудың құпталатындығы сәлафтардың арасында да мәлім болған, ал бұл жайт та мұның орынды екенін күшейтеді. Усман ибн Маухиб былай баяндайтын: “Мен бір кісінің Абу Хурайрадан: «Ақиқатында, менің мойнымда Рамазан айының өтелмеген оразалары бар; мен (соларды өтемей жатып) зул-хижжа айының он күнінде нәпіл ораза ұстай аламын ба?», - деп сұрап тұрғанын естідім. Бұған Абу Хурайра: «Жоқ», - деді. Ол: «Не үшін?!», - деп сұрады. Абу Хурайра: «Сен Аллаһқа қайтаруға тиісті болғаныңнан баста да, содан соң нәпіл ораза ұста!», - деп жауап берді”. Ибн Абу Шәйба 7715, әл-Бәйһақи 4/275. Иснады сахих.
Бұл хабарда зул-хижжа айындағы ораза сахабалар кезінде де белгілі болғандығына және сәлафтар осы күндердегі оразаға ерекше маңыз бергеніне нұсқайды.
Сондай-ақ осы күндерде ораза ұстаудың абзалдығына көптеген сәлафтардан да жеткізіледі, олардың арасында Мухаммад ибн Сирин, Мужәһид, Хасан әл-Басри, Қатада т.б. Қз.: Ибн Абу Шәйба “әл-Мусаннаф” 4/293 және “Ләтаифул-мә’ариф” 471.
Ал Хасан әл-Басри былай дейтін: “Зул-хижжа айының он күнінде ораза ұстау екі ай ораза ұстаумен тең!” Ибн Абу Шәйба 4/292.
Тоғызыншы зул-хижжа – Арафа күні ораза ұстау туралы
Зул-хижжа айының алғашқы он күнінің ішіндегі Арафа күнгі ораза ең абзалы болып табылады, әрі бұл үлкен артықшылыққа ие болып, екі жыл барысында істеген күнәлардың өтеуі болады. Абу Қатаданың сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Арафа күніндегі ораза өткен әрі осы жылдағы күнәлардың өтеуі болады». Муслим 1162.
Бұл хадисте қажылық жасай алмайтындарға ұлы сый-сауап алуға мүмкіндік берген Аллаһ Тағаланың Өз құлдарына деген шексіз рахымы мен жомарттығына нұсқау бар!
Қажылық жасаушы адамға Арафа күні ораза ұстамаған жақсырақ екендігі жайында
Қажылық жасап жүрген адамдарға Арафа күні ораза ұстамаған жақсырақ, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылық жасағанында бұл күні ораза ұстамаған. Умм Фәдл былай баяндаған: “Арафат тауында тұратын күні адамдарда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза ұстаған-ұстамағандығы жайында күмәндар туындады, сонда мен оған сусын алып бардым, ал ол оны ішіп қойды”. Әл-Бухари 1658.
Икрима былай деп баяндаған: “Бірде мен Абу Хурайраға кіріп, одан қажылық жасаушы адамның Арафа күні ораза ұстауы туралы сұрадым, сонда ол: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылық жасаушыларға Арафа күні ораза ұстауға тыйым салды», - деп жауап берді”. Ахмад 2/304, Абу Дауд 2440, әл-Бухари “әт-Тарих” 7/4425.
Бұл деректің сахихтығына қатысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар, алайда Ибн Хиббан, Ибн Хузайма, әл-Хаким, әз-Зәһаби және Ахмад Шәкир сынды имамдар оны сахих деген.
Бұл дерек сондай-ақ Умар да, Ибн Умар мен Ибн Аббас та қажылық жасаушының Арафа күні ораза ұстауын сөккендігімен күшейтіледі. Қз.: имам ән-Нәсаи “Сунан әл-кубра” 2823, 2824, ‘Абдур-Раззақ “әл-Мусаннаф” 7820.
Имам әз-Зәһаби былай дейтін: “Қажылардан кім Арафа күні ораза ұстаудың тыйым салынғанын және Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабалары да қажылық жасаған кездерінде Арафа күні ораза ұстамағаны туралы хабардар бола тұра, Арафа күні ораза ұстаса, онда бізге белгілі болғаны – оның осы үшін сый-сауап алмайтыны”. Қз.: “әс-Сияр” 10/684.
ЗУЛ-ХИЖЖА – БҰЛ ИСЛАМНЫҢ ЕҢ ҰЛЫ ТІРЕКТЕРІНІҢ БІРІ БОЛҒАН ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ РӘСІМДЕРІ ОРЫНДАЛАТЫН АЙ
«Қажылық белгілі айларда орындалады. Кім ол айларда (ихрам байланып) міндеттенсе, қажылық кезінде әйелге жақындасу, күнә істеу және жанжал жоқ. Әй, ақыл иелері! Нендей қайыр істесеңдер де, Аллаһ бұл туралы біледі. Және азық алыңдар. Негізінде, азықтың жақсысы тақуалық. Әй, ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар!» («әл-Бақара» сүресі, 197-аят).
Абу Хурайрадан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Жаман сөз сөйлемей, күнәлі әрі орынсыз еш нәрсе жасамай, Аллаһқа қажылық жасаған адам анасы оны туған күнде қандай (күнәсіз) болса, солай оралады». Әл-Бухари 1521, Муслим 1350.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтатын: «Умрадан кейін умраны орындау олардың араларындағы күнәлардың өтеуі болады, мінсіз қажылыққа келер болсақ, ол үшін Жәннаттан өзге сый жоқ!». Әл-Бухари 1773, Муслим 1349.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ: «Кәрі адамның, баланың, әлсіздің және әйел кісінің жиһады Қажылық пен Умра болып табылады!», - деп айтатын. Ән-Нәсаи 2626. Хафиз әл-Мунзири мен шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген.
Сондай-ақ Хусайн ибн ‘Алиден бірде бір кісі Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Мен қорқақпын әрі әлсізбін», - деп айтқаны, бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда шайқасу жоқ жиһадты – Қажылықты орындауға асық!», - деп жауап бергені жеткізіледі. Әт-Табарани “әл-Аусатта” 4/4287. Хадис сахих. Қз.: “Ируа әл-ғалил” 4/152.
Әрбір мұсылман Исламның бес парызының бірі болған осы ұлы рәсімді орындауға міндетті, бұл, әсіресе, қажылықты орындау мүмкіншілігіне ие, алайда оны ешбір себепсіз кейінге қалдырып жүрген адамға қатысты. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Парыз қажылықты орындауға асығыңдар, өйткені, расында, сендерден ешкім өзіне не кедергі болып қалуы мүмкін екендігін білмейді!» Ахмад 1/314. Хадистің сенімділігін хафиз ’Абдул-Хаққ әл-Ишбили, әл-Әлбани және Шу’айб әл-Арнаут растаған.
Ал ‘Умар ибн әл-Хаттаб мына қорқынышты сөздерді айтып ескерткен: «Кім қажылықты орындау мүмкіндігіне ие бола тұра оны орындамаған болса, оның қалай өлетінінде: христиан болып па, әлде яһуди болып па – айырмашылық жоқ!» Әл-Исма’или, Ибн Абу Шайба, Са’ид ибн Мансур. Хафиз Ибн Кәсир иснадын сахих деді. Қз.: “«Тафсир» Ибн Кәсир” 2/97.
Бұдан қалса, бірауызды пікір (ижма’) бойынша, қажылықты орындау өмірде бір рет міндетті болып табылатындығына қарамастан, көптеген имамдар қажылықты әр бес жыл сайын орындауды дұрыс көрген. Мұнымен олар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі хадисіне сүйенген: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала: “Егер Мен Өзімнің құлымның денесін сау етсем және оны кеңшілікке бөлесем, ал бес жыл өтісімен ол Мені зиярат етпесе, онда ол игіліктен құр қалғандардың қатарынан!”, - деп айтады». Ибн Хиббан 960, Абу Йа’лә 1/289, әт-Табарани 1/110. Хадистің сенімділігін имам Абу Зур’а, имам Ибн Хиббан, шейх Али әл-Қари, шейх әл-Әлбани, Абу Исхақ әл-Хууайни және Шу’айб әл-Арнаут растаған.
Қажылық рәсімдерінің ұлы артықшылықтары туралы
Ибн ‘Умар былай баяндайтын: «Біз Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мина өлкесіндегі мешітте отырғанымызда, бізге біреуі ансарлардан, ал екіншісі Сақиф руынан болған екі адам келді де, сәлем берген соң отырды. Сосын олар: “Уа, Аллаһтың елшісі, біз саған сұрақ қоюға келдік”, - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Егер қаласаңдар, мен сендерге сұрағыларың келген нәрселеріңді хабарлайын, ал егер қаласаңдар, сендер мұны өздерің айтыңдар”, - деді».
Олар: «Уа, Аллаһтың елшісі, хабарла», - деді. Сақафи ансарға: «Сұра», - деді. Алайда ол: «Хабарла маған, уа, Аллаһтың елшісі», - деп айтты. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сен Қасиетті Мешітке бару мақсатында үйіңнен шыққаның үшін саған не (сый-сауап) болатынын сұрау үшін келдің. Тауаптан кейінгі екі ракағат туралы, (яғни) саған ол үшін не (сый-сауап) болатынын білу үшін. Сафа мен Мәруаның арасын айналып жүру туралы білу үшін. Арафатта тұру туралы, бағаналарға тас лақтыру туралы, шашты қыру және Қағбаны айналу туралы - осылар үшін саған не (сый-сауап) болатыны туралы!» Әлгі кісі: «Сені ақиқатпен Жібергенмен ант етемін, мен дәл соны сұрауды қалап келгенмін», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, сен Қасиетті Мешітке қарай жол алып үйіңнен шықсаң, сенің мінген жануарың аяғын әр көтерген және түсірген сәтте, саған бір сый-сауап жазылады және бір күнәң кешіріледі.
Қағбаны (жеті рет) айналудан кейінгі екі ракағатқа (намазға) қатысты айтар болсақ, онда бұл сенің Исмаил (пайғамбардың) ұрпақтарынан болған бір құлға азаттық бергеніңдей.
Сафа мен Мәруа төбелерінің арасын айналып жүруге келер болсақ, бұл жетпіс құлды босатумен бірдей.
Сенің Арафатта тұруыңа қатысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағала төменгі аспанға түсіп, періштелердің алдында мақтанып, былай дейді: “Құлдарым Жәннатымды қалап, Маған әр жақтан шаштары ұйпалақтанған күйде келді! Егер олардың күнәлары майда тастардың, жаңбыр тамшыларының және теңіз көбігінің санындай (көп) болса да, Мен оларды кешірер едім! Әй, Менің құлдарым, сендерге кешірім сый етілді!”
Тас лақтыруға келер болсақ, әрбір тасталған тас үшін сенің кіші күнәң кешіріледі.
Құрбандығыңа келер болсақ, бұл үшін саған Раббыңның алдында ұлы сый әзірленген.
Басты қыруға қатысты айтар болсақ, әрбір талшық шаш үшін саған игі іс жазылады әрі күнәң кешіріледі.
Ал сенің осының барлығынан соң Қағбаны айналуың туралы айтар болсақ, онда сен күнәсіз болған күйде тауап жасайсың. Әрі осыдан соң періште келеді де, қолдарын сенің иығыңа қойып, былай дейді: «Болашақта саған жазылған нәрселерді орындай бер, өйткені бұрын болған нәрселердің барлығы саған кешірілді!”». Әл-Баззар 2/182, Ибн Хиббан 963, ‘Абдур-Раззақ 8830. Хафиз әл-Мунзири мен шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 1112.
ТОҒЫЗЫНШЫ ЗУЛ-ХИЖЖА – БҰЛ ҰЛЫ АРАФА КҮНІ
Аллаһ Тағала Арафа күнімен ант етті, ал бұл оның ұлықтығына нұсқайды. Аллаһ былай деді: «Уәделі күнге, куәлік берілген (күнге) және куәлік етуші (күнге) серт» («әл-Буруж» 85: 2-3).
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: “«Уәделі күн» – бұл Қиямет күні, «куәлік берілген күн» – бұл Арафа күні, ал «куәлік етуші күн» – бұл жұма”. Әт-Тирмизи 3339, әт-Табарани 3458. Шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген.
Арафа күні Аллаһ Өз құлдарын Тозақтан босатады және олардың күнәларын кешіреді
Айша Аллаһ Елшіснің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: “Аллаһ Өзінің көп құлдарын Тозақ отынан босататын Арафат күніндей басқа күн жоқ. Ақиқатында, Ол (оларға) жақындайды, ал содан соң періштелердің алдында: «Олар нені қалайды?», - деп мақтанады”. Муслим 1348.
Сондай-ақ Әнастан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Арафа күні: «Әй, Біләл, адамдарды шақыр!», - дегені жеткізіледі. Біләл: «Аллаһ Елшісінің сөзін тыңдаңдар!», - деп (дауыстап хабарлады). Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Уа, адамдар! Маған (Жәбірейіл) келіп, Раббымнан сәлем жеткізді де, былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала Арафат пен Маш’арда[3] және осы маңда тұрғандарды кешірді!»”, - деді. Сол кезде Умар ибн әл-Хаттаб орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл тек біздер үшін бе?!», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл сендер және сендерден кейін Қиямет күніне дейін болатындар үшін!», - деп жауап берді. Ибн әл-Мубарак. Хадис сахих. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 2/33.
Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнгі дұға
Абдуллаһ ибн ‘Амрдан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: “Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арафа күні айтқан ең жақсы дұға бұл: «Жалғыз, серігі жоқ Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті!»”. Әт-Тирмизи 3585. Хадис хасан. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 1536.
لا إله إلا الله وحده لا شريك له، له الملك و له الحمد و هو على كل شيء قدير
/Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир/.
Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр былай дейтін: “Бұл хадисте Арафа күнгі дұға басқа уақыттағы дұғадан жақсырақ екеніне нұсқау бар және осыда сондай-ақ Арафа басқа күндерден жақсырақ дегенге де нұсқау бар. Әрі осы хадисте Арафа күнгі дұғалардың барлығына немесе олардың көбіне жауап қайырылатынына нұсқау бар. Сондай-ақ осы хадисте Аллаһты зікір етудің ең жақсысы – «лә иләһа иллә-Ллаһ» екеніне нұсқау бар!” Қз.: “әт-Тамхид” 6/41-42.
Имам әл-Баджи былай деген: «Арафа күнгі дұға – ең жақсы зікір, ол үшін берілетін сый-сауап (басқалардан) көбірек, әрі ол қабыл болуға жақынырақ. Хадисте тек қажылық жасаушылар туралы айтылып тұрған болуы әбден ықтимал, өйткені дәл солар Арафа күні дұға етіп жалбарынады». Қз.: “Шарх «әл-Мууатта»” 1/358.
Алайда кейбір сәлафтар бұл артықшылық көбірек қажылық жасаушыларға қатысты болғанына қарамастан, тек олармен ғана шектелмейді деп есептеген және қажылық жасамайтындар да Арафа күні мешіттерде Аллаһқа дұға етіп жалбарынулары керек деп санаған. Бұл Ибн Аббастан, Амр ибн Хурайбадан, Хасан әл-Бәсриден, Сәбит әл-Бунаниден, Мухаммад ибн Уәси’адан және Яхья ибн Мә’иннен жеткізілген. Қз.: “әл-Муғни” 2/129.
10 ЗУЛ-ХИЖЖА – БҰЛ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ (САЛӘТУЛ-‘ИД) ОРЫНДАЛАТЫН КҮН
Умм ‘Атыйя былай баяндайтын: “Мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естігенмін: «Жас қыздар мен перде артында отырған (бойжеткендер), сондай-ақ етеккірі келген әйелдер де, үйлерінен шығып, игі істерге және мүміндердің Аллаһқа өздерінің дұғаларымен жалбарынуларына қатыссын, алайда етеккірі келе бастағандары намаз орнынан шетте тұрсын[4]»”. Әл-Бухари 324, Муслим 2/605.
Ибн ‘Аббас: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қыздары мен әйелдеріне екі айт намаздарына шығуды бұйыратын», - деп баяндаған. Ахмад 1/231, Ибн Абу Шайба 2/182. Хадис сахих. Қз.: “әс-Силсилә әс-Сахиха” 2115.
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Біз, бұл туралы Абу Ханифа және басқа имамдар айтқандарындай, айт намазы әрбір (мұсылманға) жеке парыз (фардул-‘айн) болып табылады деген қорытындыға келдік. Әрі бұл имам Шәфи`идің де пікірлерінің бірі және имам Ахмад мазхабының да пікірлерінің бірі. Ал «Айт намазы фардул-кифая[5]» деген сөздерге келсек, олар ақиқат болудан алыс! Ақиқатында, ол Исламның ең ұлы рәсімдерінің бірі, әрі оған жұма күнінен де көбірек адам жиналады, онда тәкбір бекітілген. Ал ол фардул-кифая деген тұжырым дұрыс емес”. Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 23/161.
Айт намазының уақыты
Айт намазының уақыты күн көкжиектен найзаның биіктігіндей болып көтерілген уақыттан кіреді. Яғни намаз оқу сөгілетін уақыт өтісімен бірден (басталады). Әрі оның уақыты күн тас төбеге көтерілгенге, яғни бесін намазының уақыты кіргенге дейін жалғасады. Қз.: «‘Аунул-Мә’буд» 3/486, «Шәрхул-мумти’» 5/156.
Айт намазынан кейін бір-бірін құттықтауға рұқсат етілгендігі туралы
Жубайр ибн Нәфир: “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары айт күні бір-бірімен кездескенде, бір-біріне: «Аллаһ бізден де, сіздерден де қабыл етсін», - деп айтатын”, - деп бандайтын. Әт-Табарани 22/52. Хафиз Ибн Хәжар және имам әс-Суюты иснадын хасан деген. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 2/517.
تَقَبَّلَ اللهُ مِنَّا وَمِنْكُمْ
“Тақаббалә-Ллаһу минна уа минкум”.
Мухаммад ибн Зияд былай баяндайтын: “Мен Абу Умама әл-Бахилимен және басқа сахабалармен бірге болғанмын, олар айт намазынан қайтып бара жатып, бір-біріне: «Аллаһ біздерден де, сіздерден де қабыл етсін!», - дейтін”. Әл-Бәйһақи “Сунан әл-кубрада” 3/320. Имам Ахмад, хафиз әс-Суюты мен шейх әл-Әлбани иснадын хасан деген.
Адхам: “Біз екі Айт мерекесі күндерінде Умар ибн Абдул-Азизге: «Тақаббалә-Ллаһу минна уа минк, уа, мүміндердің әмірі!», - дейтінбіз, әрі ол тура солай жауап беретін және мұны сөкпейтін”, - деп баяндайтын. Әл-Бәйһақи. Қз.: имам әс-Суюты “әл-Хауи” 1/112.
‘Али ибн Сабит былай деп баяндайтын: “Бірде мен имам Мәликке адамдардың Айт күндерінде айтатын «Тақаббалә-Ллаһу минна уа минк» деген сөздері туралы сұрағанымда, ол: «Бұл іс бізде үнемі болатын, әрі мен бұда ешқандай жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын!», - деп жайап берген”. Имам Ибн Хиббан “әс-Сиқат” 9/90.
Сондай-ақ имам Ахмадтың айт күнгі құттықтау туралы: «Сахабалар осылай істейтін әрі бұл туралы ғалымдар айтқан», - дейтін. Қз.: “әл-Инсаф” 5/381.
Құттықтаудың түріне қатысты сәлафтардан жеткен нұсқа (белгілі бір) бекітілген нұсқада, нақты айтқанда: «Тақаббалә-Ллаһу минна уа минк», - деп келуі бұл құттықтау түрін басқаға ауыстыруға болмайтындығын көрсетеді.
Ал кең таралған: «Куллю ‘ам уа әнтум би хайр», «Ид мубарак» т.с.с. құтықтауларға келер болсақ, мұндай құттықтаулар, бұл туралы шейх әл-Әлбани айтқандай, ешбір сахабадан және олардың ізбасарларынан (таби’ун) жетпеген әрі Исламда бұған негіз жоқ. Тыңдаңыз: “Силсиләтул-һуда уа-ннур” 52.
Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салынғандығы туралы
Абу Са’ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға екі күнде: Ораза Айт пен Құрбан Айтта – ораза ұстауға тыйым салатын». Әл-Бухари 3/280, Муслим 2/577.
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Мен сендерге Ораза және Құрбан айт күндерінде ораза ұстауға тыйым саламын». Абу Я’лә. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 2517.
Имам ән-Нәуауи және шейх Сыддық Хасан Хан былай деген: “Ораза және Құрбан Айт күндерінде ораза ұстау тыйым салынған болып табылатынына барлық ғалымдар бірауызды келіскен”. Қз.: “Шәрх «Сахих» Муслим” 8/15, “әр-Раудату-ннәдийя” 1/566.
Ораза және Құрбан Айтта орындалатын түнгі намаздар туралы
Кейбір мұсылмандар өте сауапты амал деп санайтын Құрбан және Ораза Айт түндерін намазбен өткізудің сенімді негізі жоқ. Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларынан мұның заңдылығына нұсқайтын сөзбен де, амалмен де жасалған бірде-бір сенімді нұсқау жоқ.
Ал айт түндерінде намаз оқудың артықшылығына нұсқайтын кейбір хадистерге келер болсақ, олар сенімді емес! Мысалы, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Ораза және Құрбан айт түндерін намаз оқумен өткізсе, соның жүрегі жүректер өлетін күні өлмейді», - деп айтты деген хадис. Осы және осы сияқты хадисті Ибн Мәжаһ 1782, әт-Табарани 1/57 және әл-Бәйһақи 3/319 келтіреді. Бұл хадистің барлық нұсқалары сахих емес, олардың иснадтарында көптеген әлсіз және тәрк етілетін жеткізушілер бар. Олардың арасында ‘Умар ибн Харун, Ибраһим Мухаммад, Ибн әл-Уалид, Мараун ибн Салим. Осы себепті бұл хадистерді имам Ибн ‘Ади, имам ән-Нәуауи, шейхул-Ислам Ибн Таймия, хафиз Ибн Хәжар, хафиз әл-‘Ирақи, хафиз әл-Бусайри, имам әс-Суюты, шейх әл-Әлбани, сынды мухаддистер, сондай-ақ шейх Ибн Баз басқаратын Тұрақты Комитет (әл-Ләжна әд-даима) ғалымдары тәрк етті. Қз.: “әл-Кәмил” 5/372, “әз-Зауаид” 1/549, “әс-Силсилә әд-да’ифа уәл-мәуду’а” 521, 5163, “Фәтауа әл-Ләжна” № 11029.
10 ЗУЛ-ХИЖЖА – БҰЛ МЕРЕКЕЛІ ҚҰРБАН ШАЛУ (УДХИЯ) БАСТАЛАТЫН КҮН
Құрбан айт жылдың ең ұлы күндерінің бірі болып табылады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Аллаһтың алдындағы ең ұлы күн Құрбан айт күні, ал содан соң одан кейін келетін күн болып табылады![6]» Ахмад, Абу Дауд, әл-Хаким. Шейх әл-Әлбани және шейх Муқбил хадистің сахихтығын растаған. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 1064, “әл-Жәми’ әс-сахих” 2/328.
Аллаһ Тағала былай деген: «Әрі Біз сендер үшін Аллаһ бұйырған рәсім ретінде мал құрбан шалуды орнаттық. Мүнда сендер үшін хайыр бар» («Хаж» 22: 36).
Аса Құдіретті Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген: «Раббың үшін намаз орында және (құрбан) шал» («әл-Кәусар» 108: 2).
Хасан әл-Бәсри бұл аяттың мағынасы туралы былай дейтін: «Раббың үшін мерекелі (Айт) намазын орында және құрбандыққа мал шал (Удхия)!» Қз.: “Тафсир әл-Қур`ан әл-‘Азиз” 5/168.
Мерекелі құрбан шалу, әсіресе, мүмкіндігі бар адам үшін, өте құпталатын және абзал ғибадат түрі болып табылады. Ибн Аббас былай деген: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинада он жыл болды, әрі сол жылдардың барысында Удхия жасайтын». Ахмад, әт-Тирмизи. Хадис хасан. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 13/65, “Тухфатул-ахуази” 5/96.
Хафиз Ибн Абдул-Барр былай деген: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бүкіл өмірі барысында Удхия жасайтын, әрі оның Удхияны бір рет болса да қалдырғаны белгісіз. Ол оны орындауға ынталандыратын, әрі молшылыққа ие мұсылман адам оны тастамауы қажет!” Қз.: “әл-Изтискар” 15/163.
Мерекелі құрбан шалу орындалатын уақыт
Удхияның қатаң белгіленген өз уақыты бар. Ол Құрбан Айт (10 зул-хижжа) күні айт намазы мен құтпасы оқылып болған соң басталады. Удхияны айт намазына дейін орындағанның құрбандығы жарамсыз болады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Біз сияқты намазды орындаған әрі біз сияқты құрбан шалған адам оны дұрыс орындаған болады, ал (егер) кім құрбанды айт намазына дейін шалса, онда бұл намазға дейін болды да, ол құрбан шалмады». Әл-Бухари 955.
Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: «Удхияны айт күні күн шыққанға дейін шалуға рұқсат етілмейтініне барша бірауызды келіскен!» Қз.: «әл-Ижма’» 78.
Егер мұсылмандар айт намазы оқылмайтын мемлекетте өмір сүрсе, онда олар күн шыққаннан шамамен бір сағаттан кейін Құрбан шала береді. Мұның себебі Құрбан шалу уақыты күннің көкжиектен найзаның бойындай биіктікке көтерілген сәттен (әд-Духа) басталатындығында, бірақ сондай-ақ осыған айт намазы мен одан кейін құтпаның оқылуын қосу керек, сонда барлығы қосылғанда бір сағатты құрайды. Қз.: “әл-Муфәссәл фи ахкам әл-Удхия” 153.
Құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талаптар
Құрбандық малы белгілі жасқа толған болуы қажет. Жәбирден Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Тиісті жасына толмаған малды құрбан шалмаңдар. Егер бұл сендер үшін ауыр болса, онда алты ай толған қойларды шалуларыңа болады». Муслим 1963.
Имам ән-Нәуауи былай деген: «Бұл хадисте белгілі жасқа толмаған малды мерекелі Құрбандыққа шалуға рұқсат етілмейтініне нұсқау бар, бұдан тек қой ерекшеленеді». Қз.: “Шәрх «Сахих» Муслим” 5/101.
Ал құрбандық малдарының жастарына келер болсақ, онда түйенің ең аз жасы бестен басталады, сиыр-бұқаның жасы – екі жастан, ал қой-ешкінің жасы бір жастан басталады. Қз.: “әл-Мудаууана” 2/12, “әл-Мәбсут” 9/12, “әл-Муғни” 9/348, “әл-Хауи” 19/29.
Ал дәл қой мен қошқарға келер болсақ, онда шариғат оларға ерекшелік жасап, егер қой-қошқар ірі болса, онда бір жасқа толмағанын да шала беруге рұқсат етті. Қз.: “әл-Асар” 63.
Сондай-ақ құрбандық малы оны Құрбандыққа жарамсыз ететін ақау-кемістіктерсіз болуға тиіс. Әл-Бара ибн Азиб Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде былай дегенін баяндады деп жеткізіледі: «Құрбандық ретінде төрт түрлі малды шалуға болмайды: ақауы айқын бір көзді малды; ауруы айқын ауру малды; ақсақтығы айқын ақсақ малды; және әлсіздігі айқын арық малды». Ахмад 4/284, Абу Дауд 2802, әт-Тирмизи 1/283. Абу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хиббан, әл-Хаким және әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.
Хафиз Ибн ‘Абдул-Барр былай деген: “Осы төрт кемістіктер туралы барлық ғалымдар бірауызды келісімде, мен бұған қатысты ешқандай келіспеушіліктерді білмеймін. Сондай-ақ осындай мағынаға жататынның барлығы да осыған қатысты екені де белгілі. Егер бір көзді мал рұқсат етілмесе, онда соқыр мал тіпті рұқсат етілмейді. Әрі егер ақсақ мал рұқсат етілмесе, онда аяқсыз мал тіпті (рұқсат етілмейді). Мұның барлығы ап-айқын және белгілі, әрі бұған қатысты келіспеушіліктер жоқ”. Қз.: “Фәтх әл-Мәлик” 7/16.
Ал осы хадисте аталмаған, мысалы, құлақтың кесілгені немесе жұлып алынғаны, сынық мүйіз секілді т.с.с. кемістіктерге келер болсақ, олар малды (құрбандыққа) жарамсыз етпейді, алайда бұл құпталмайды. Ал піштірілген малға келер болсақ, онда бұл мүлде кемістік болып саналмайды, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбандыққа шалған қошқарлар піштірілген болатын.
ӘТ-ТӘШРИҚТІҢ ҮШ КҮНІ ТУРАЛЫ
Әт-Тәшриқтің үш күні – бұл зул-хижжа айының он бірінші, он екінші, он үшінші күндері. (Яғни) бұл Құрбан айттан соң жалғасатын үш күн.
Уқба ибн ‘Амирден Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Арафа күні, Құрбан айт күні және әт-Тәшриқтің үш күні – бұл біздің мереке күндеріміз, уа, мұсылмандар!», - дегені жеткізіледі. Абу Дауд 2419, әт-Тирмизи 773, ән-Нәсаи 5/252. Абу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Зәһаби және әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.
Имам әш-Шәукани былай деген: «Бұл хадисте Арафа күні, сондай-ақ әт-Тәшриқтің үш күні мереке (Айт) екеніне дәлел бар». Қз.: “Нәйлюл-аутар” 2/284.
Әт-Тәшриқтің үш күні сондай-ақ құрбан (Удхия) шалуға болатын күндер болып табылады. Жубайр ибн Мут‘имнен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әт-Тәшриқтің барлық күндері – Құрбан шалатын күндер!», - деп айтқаны жеткізіледі. Ахмад 4/82, әд-Дарақутни 4/284. Имам Ибн Хиббан, хафиз әс-Суюты, имам әл-Мунауи, шейх әл-Әлбани, шейх Абдул-Қадир әл-Әрнаут пен Шу’айб әл-Әрнаут хадистің сахихтығын растаған. Қз.: “«Сахих» Ибн Хиббан” 9/166, “Фәйдул-Қадир” 5/35, «Сахих әл-жәми’» 4537, “Тахқиқ «Зад әл-мә’ад»”.
Сондай-ақ осы пікір Али мен Ибн Аббастан да жеткізіледі. Қз.: “Задул-Мә’ад” 2/291, “Нәйлюл-әутар” 5/142.
Имам әш-Шәфи’и былай дейтін: «Кім әт-Тәшриқтің соңғы күні күн батқаннан кейін құрбан шалған болса, оның Удхиясы жоқ!» Қз.: “әл-Умм” 2/223.
Әт-Тәшриқ күндері – бұл жеп-ішу және Аллаһ Тағаланы зікір ету күндері
Аллаһ Тағала былай деген: «Аллаһты санаулы күндерде зікір етіңдер» («әл-Бақара», 2: 203).
Ибн ‘Аббас: “«Санаулы күндер» - бұл әт-Тәшриқтің үш күні”, - деген. Қз.: “«Сахих» әл-Бухари” 1/321.
Ка’б ибн Мәликтен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әт-Тәшриқ күндері – бұл жеп-ішу және Аллаһты зікір ету күндері!», - деп айтқаны жеткізіледі. Муслим 1141.
Хафиз Ибн Ражаб былай деп жазған: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерінде мереке күндеріндегі ішіп-жеу Аллаһ Тағаланы зікір етуге және Оған бағынуға көмектесетін нәрсе екеніне нұсқау бар. Және осыда Аллаһ Тағалаға Оның берген нығметтері үшін шүкіршілік ету бар, әрі бұл бағынуға жақындататын нәрсе!» Қз.: “Ләтаифул-мә’ариф” 504.
Имам Ибн Хәжар әл-Хайтами былай деген: «Аллаһ Тағала қажылық жасаушыларға өздерінің шалған құрбандарының етін жеп, дем алулары үшін, Құрбан Айт күнінде және әт-Тәшриқтің үш күнінде Минада болуды бұйырды. Олар құрметті және кешірілген хәлде Аллаһ Тағаланың қонақтары болады. Әрі олармен бірге осыда бүкіл жер жүзінің тұрғындары қатысады, өйткені олар ораза ұстап және басқа да құлшылықтар жасап, қажылармен бірге зул-хижжаның он күнінің рәсімдеріне қатысады. Олар өздерінің құрбандыққа шалған малдарының қанын ағызуы арқылы Аллаһқа жақындауымен кешірімге лайық болады. Міне, осылайша, барлық мұсылмандар осы күндерде Аллаһ Тағаланың нәсіп еткенінен жеп, әрі Оның берген игіліктеріне шүкіршіліктерін білдіріп, Оның қонақтарына айналады!» Қз.: “Итхаф әһл әл-Исләм би хусусыят әс-сыям” 308.
Имам ән-Нәуауи былай деген: «Осы күндерде Аллаһты жиі зікір ету абзал болады, ал зікірдің ең жақсысы Құран оқу болып табылады». Қз.: “әл-Азкар” 241.
Бұл, әсіресе, осы күндері Мина алқабында болған қажыларға қатысты.
Әт-Тәшриқ күндерінде ораза ұстауға тыйым салынғандығы туралы
Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылық кезінде адамдарға: «Бұл күндерде ораза ұстамаңдар, өйткені, ақиқатында, бұл жеп-ішу және Аллаһ Тағаланы зікір ету күндері!», - деп айту үшін шабарман жібергені жеткізіледі. Ахмад 10674, әл-Хаким 2/250, Абу Ну’айм 2/342/1. Шейх Ахмад Шакир мен шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.
Бұл күні ораза ұстау тек қажылық кезінде құрбан шала алмаған қажыға ғана рұқсат етіледі. Ибн ‘Умар былай деген: «Әт-Тәшриқ күндерінде ораза ұстау құрбан шалу үшін мал таппағандардан өзге ешкімге рұқсат етілмейтін». Әл-Бухари 1998.
Әрі (сөзіміздің) соңында біз әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақ айтамыз!
Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескендердің барлығына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!
Әдебиет:
1. «Тафсирул-Қуранил-’Азым» Исма’ил Ибн Касир.
2. «Фәтхул-Бәри би шарх «Сахих» әл-Бухари» Ибн Хәжар әл-‘Асқаләни.
3. «Әл-Муфхим лима әшкалә мин тәлхыс китаб Муслим» Абул-‘Аббас әл-Қуртуби.
4. «Шарх «Сахих» Муслим» Яхъя ибн Шәраф ән-Нәуауи.
5. «Шарх «Сунан» ән-Нәсаи» Мухаммад ибн Адам әл-Атьюби.
6. «Фәйдул-Қадир шарх "әл-Жәми’ әс-сағир"» ‘Абдур-Рауф әл-Мунауи.
7. «‘Аунуль-Ма’буд шарх «Сунан» Аби Дауд» Шамсул-Хакқ ‘Азым Абади.
8. «Силсиләтул-ахадис әс-сахиха» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
9. «Сахих әл-жәми’ әс-сағир» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
10. «Сахих әт-тарғиб уәт-тархиб» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
11. «Ируа әл-ғалил фи тахриж ахадис Мәнар сабил» Мухаммад Насыруддин әл- Әлбани.
12. «Ләтаифул-мә’ариф» Зайнуддин Ибн Ражаб.
13. «Задул-ма’ад фи хадьи хъайр әл-’ибад» Ибн әл-Қайим әл-Жәузий.
14. «Итхаф әһл әл-Исләм би хусусыят әс-сыям» Ибн Хәжар әл-Хайтами.
15. «Субулю-с-Саләм шарх "Булюғ әл-марам"» Мухаммад ибн Амир әс-Сан’ани.
16. «Найлюл-аутар шарх Мунтақ әл-ахбар» Мухаммад әш-Шәукани.
17. «Зул-Хижжа уә айям әт-Тәшриқ ахкамуха уә адабуха» ‘Абдуллаһ ибн әл-Фаузан.
18. «Итхаф әл-ахбар бизикр ма сабата фи фәдаил әл-мәнасик мин әл-асар» Уалид ибн Сайф ән-Наср.
[1] Хадисте сөз тоғыз күн туралы болуының себебі оныншы зул-хижжа – бұл ораза ұстауға тыйым салынған Құрбан Айт күні болғанында.
[2] «Аллаһ үшін зул-хижжа айының он күнінде орындалған игі амалдардан сүйіктірек амалдар жоқ!» деген хадис туралы айтылуда. Әл-Бухари 2/162, Абу Дауд 2438, әт-Тирмизи 757.
[3] Муздалифа алқабында орналасқан тау.
[4] Сөз айт намазы орындалатын жерде басқа әйелдердің жанында тұруға тыйым салынғандығы туралы емес, намаздан тыйылу туралы болуда, бұған имам Муслимнің «Алайда етеккірі келіп жатқандар намаз орындамасын» деген риуаты нұқсайтындай. Муслим 2093. Сондай-ақ Ибн Ражабтың “Фатхул-Бари” 9/58 еңбегін қараңыз.
[5] Фардул-кифая – мұсылмандардың бір тобы орындаса, қалғандарының мойындарынан түсетін міндеттілік.
[6] Мұның себебі дәл осы екі күнде қажылықтың көптеген өте маңызды рәсімдері орындалатынында.