Иман келтіргендердің басшысы Омар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын
Бөлімдер
Full Description
Иман келтіргендердің басшысы
Омар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын!
أمير المؤمنين عمر بن الخطاب رضي الله عنه
> қазақ тілі – Kazakh – كازاخي <
Islamic.kz сайтынан
Islamic.kz مصدر: الموقع
Иман келтіргендердің басшысы
Омар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын!
Екінші түзетілген басылым
Толық есімі – Әбу Хафс Омар ибн әл-Хаттаб ибн Нуфәйл ибн Абдуль-уззә ибн Риәх ибн Абдуллаһ ибн Курт ибн Разақ ибн Ади ибн Ка’б ибн Луәй ибн Ғалиб ибн әл-Қурайши әл-Адауи.
Анасы – Хансама бинт Хашим ибн әл-Муғира, әл-Махзумия. Әбу Ну’айн (Аллаһ оны мейіріміне бөлесін) ибн Исхақтан, Омардың анасы Хашимның қызы, Әбу Жаһлдің әкпесі болған екенін жеткізеді.
Халифа оның піл оқиғасынан 13 жылдан кейін туылғаны жайлы жеткізеді.
Жәхилиет заманында ол Құрайыштардың елшісі болған еді. Аллаһ тағала пайғамбарды (оған Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) жібергенде, Омар мұсынмандарға өте мейірімсіз, қатал болған, кейіннен ислам қабылдап, мұсылмандардың жеңісі болды. Бірінші кезде мұсылмандар құлшылықтарын жасырын жасаған болса, Омар ислам қабылдағаннан кейін, жасырынғандарын қойған еді. Пайғамбар (оған Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) оны «әл-Фаруқ» (ажырататын) деп атаған, өйткені Аллаһ тағала бірнеше рет сол Омардың айтқанына сәйкес аяттар түсірген.
Омар ибн әл-Хаттабтың сыртқы келбеті
Ол өте мықты, батыл адам болған. Мәселен, барлық сахабалар жасырын хижра жасаса (Меккеден көшсе), ал Омар болса ешкімнен қорықпай ашық жасаған.
Әбу Дунья сахах иснадпен әбу Ражә әл-Аттаридидің былай айқаннын жеткізді: «Омар биік адам еді, оның шаштары беті ашық тұратындай жиналып тұратын. (Бетінде) қызыл түс басым болатын»
Йақуб ибн Суфиян өзінің «Тарих» кітабінда сахих иснадпен келген Зарра ибн Хубәйштың: «Мен Омарды көрдім. Ол солақай болашу еді. Шаштары беті ашық тұратындай жиналған. Өзі қара торы, басқалардан аттын үстінде отырғандай биік адам болатын. Мен бұл оқиғаны Омар ұрпақтарының кейбіреулеріне айтып бергенімде, олар айтты: «Бұны біз өз әкелерімізден естіген едік, Омар ақ терілі болған, сосын Рамада [1] жылыннан кейін, ол (мал) еті мен майын жеуді тоқтатып, бет терісі қараймайынша ылғи май жеп жүрген»», - дегенін жеткізеді.
Сондай-ақ әд-Дайнури «әл-Мәжлис» кітабінда әл-Асма’иден, ол Шу’бадан, ол Симакадан Омардың (оған Аллаһ разы болсын) табандары жүргенде бір-біріне жақын болатын және ол аттың үстінде, ал қасындағы адамдар жаяу кетіп бара жатқандарға ұқсайтын екенін жеткізеді.
Омар ибн әл-Хаттабтың, Аллаһ оған разы болсын,
ислам қабылдауы
Омардың ислам қабылдағаны жайлы бірнеше хабарлар бізге жеткен. Бірақ олардың кейбіреулері «даиф», яғни «әлсіз» болып саналады.
Мәселен, Омардың ислам қабылдау жайлы хабар. Бұл хабар Ибн Са'дтың "Табақат әл-Кубра" (3/267), әл-Байхақидың "Дяляиль ән-Нубууа" (2/93), сондай-ақ қысқышы "Сунан" кітаптарында (1/88), Дарақутниде де қысқышы (1/123), ибн әл-Джаузидің "Манақиб 'Умар" (15 стр.), ибн 'Асакирдың "Тарих әд-Димашқ" (44/22), Хакимнің "әл-Мустадрак" (4/66: №6897), Әбу Ну'еймның "Ма'рифату әс-сахаба", ибн Шибханың "Тарих әл-Мадина" (2/222-224) кітаптарында келтірілген.
Олардың барлығы Исхақ ибн Йусуф әл-Азрақтан (сенуге тұрмайтын жеткізуші), ал ол болса, әл-'Уқәйли өзінің "ад-Ду'афа" (3/480) атты әлсіз жеткізушілер туралы кітабында атап кеткен әл-Қасим ибн Осман әл-Басриден жеткізеді. Имам әз-Зәхәби өзінің «Мизан әл-и'тидаль» (3/375) кітабында айтты: «Бухари айтты: «Ол кісіде еруге болмайтын хадистер бар...», сол себепті мен (әз-Зәхәби) айтамын: «... ол жеткізге Омардың ислам қабылдауы жайлы хадис, өте әлсіз және қайтарылған (мункар)»»
Сондай-ақ Омардың жүрегіне ислам кіре бастауы жайлы хабар. Бұл хабарда Шурейх ибн Убейда Омардың былай дегенін жеткізді: «Мен Аллаһ елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітте кездестірдім. Ол намаз оқып жатқан еді. Намазда «әл-Хаққа» сүресін оқып жатыр екен. Мен Құранға таңқалып: «Аллаһтың атымен ант етемін, бұл құрайыштар айтпақшы – ақын» деп өзімше ойладым, сонда ол: «Күдіксіз бұл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер» («әл-Хаққа», 40-41)» деген аятты оқыды. Сонда мен озіме: «Бұл – бақсы» дегенімде. Ол: «Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер» деген аятты оқып, соңына дейін сүрені аяқтады. Сонда Ислам менің жүрегіме кіре бастады»
Бұл хабарды Ахмад 1/17, Ибн Хишам 1/348-349 и Ибн әл-Джаузи «Манакъиб ‘Умар» (6-7) кітабінде келтіреду.
Сондай-ақ шейх аль-Мубаракфури өз «Сира» кітабінде келтіреді.
Бұл хабар «даиф», яғни «әлсіз, өйткені Шурейх Омарды кездестірмеді, сол себепті хабардың иснады үзілген болып саналады.
Хафиз әл-Хайсами айтты: «Бұл хабарды әт-Табарани келтіреді, және Шурейх Омады кездестірмеді» Қараңыз: "Мәджма'у-ззауаид" 9/62
Және Ахмад Шакир осы себепті хабардың иснадын әлсіз деді "Тахқиқ әл-Муснад" 107.
Ал біз осында, Омардың Ислам қабылдауы жайлы кейбір сахих иснадпен жеткен хабарларды айтып кетуді жөн көрдік:
Ибн Омар жеткізген хадисте, пайғамбар (оған Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтан сұрап айтты: «Иә Аллаһ! Омар ибн әл-Хаттаб немесе Әбу Жахль ибну Хишам екеуінен, Өзің ұнатқаныңды (таңдап) Исламды берік ет», және ибн Омар айтты: «Және Аллаһ Омар ибн Хаттабты ұнатты» [2]
Ибн Мас’уд айтты: «Мен бізді, Кағбаның маңында, Омар Ислам қабылдамағанға дейін, ашық құлшылық ете алмаған уақытты көрдім. Ол Ислам қабылдағанда, көпқұдайшылдармен, олар бізге оның маңында ашық құлшылық етуге рұқсат етпейінше күресті» [3]
Ибн Омар айтты: «Омар Ислам қабылдағаннан кейін, айтты: «Құрайыштардың арасында кім ең тез өсек тасушы?», сонда оған: «Жәмиль ибн Ма’мәр әл-Жумәхи» деді. Сонда ол оған бара жөнелді, ал мен ол не істейді екенін көру үшін артынан ере бастадым. Мен ол кезде көрген нәрсені түсіне білетін бала едім. Оған барып, Омар айтты: «Ей Жәмиль, сен менің Ислам қабылдап, Мұхаммәдтың дініне кіргенімді білесін бе?». Бұны естіген Жәмиль жүгіріп, Кағба қасына келіп, бар даусымен: «Ей Құрайыштар! Ибн әл-Хаттаб діннен қайтты!»,-деп айқай салды. Оның артынан келе жатқан Омар: «Бұл өтірік айтады, мен діннен қайтқан жоқпын, мен Ислам қабылдадым» дейді. Сонда адамдар оған жабыла жөнеледі. Олар талтүске дейін төбелесіп, шаршаған Омар, отырып: «Не істесеңдер өздерің біліңдер. Аллаһтың атымен ант етемін, егер біз үш жүз адам болғанда, біз Меккені сендерге тастап кетер едік немесе сендер оны тастап кететін едіңдер»,- дейді». Осындай қалыпта тұрғанда, оларға бір құрайыштардан болған қария келіп: «Не болды сендерге?», - деп сұрады. Оған айтты: «Омар діннен қайтты». Сонда ол: «Адам өзіне осыны таңдады, сендер қайтесіңдер? Оны жайымен қалдырыңдар»,- деп айтты. Сосын Мединаға көшкенен кейін, мен әкемнен сұрадым: «Әке, сен Ислам қабылдап, адамдармен күресіп жатқаныңда, сені жайымен қалдыруды сұраған адам кім?». Бұған ол: «Балам, ол әл-‘Асс ибн Уәиль әс-Сахми»,- деп жауап берді» [4]
Омар ибн әл-Хаттабтың
артықшылықтары
Әбу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Бізге дейін өмір сүрген, Израильдықтардың арасында, пайғамбар болмаса да, оларды жоғарыдан қолдап тұратын адамдар болған. Егер сондай адам менің қауымымда болса, ол – Омар» (әл-Бұхари)
Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) айтты: «Бір адам пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Қашан (қиямет) уақыты болады?» деп сұрады. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан сұрады: «Сен ол үшін не дайындадың?», сонда әлгі адам: «Мен Аллаһты және Оның елшісін жақсы көремін, одан басқа еш нәрсе дайындамадым» дейді. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен өзің жақсы көргенмен бірге боласын» деп жауап берді»
Әнәс айтты: «Біз пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Сен өзің жақсы көргенмен бірге боласын» деген сөздерін естігенде, (Ислам қабылдағаннан бері) ештенкеге бұлай қуанбаған едік! Мен де пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бәкрді, Омарды жақсы көремін! Және олар сияқты амал жасамасамда, оларды жақсы көргенім себепті, олармен бірге болатыныма үміт етемін!» (әл-Бұхари)
Омар ибн әл-Хаттаб тірісінде Жәннәтпен сүйіншіленген 10 сахабалардың бірі болды. Абдуррахман ибн Ауф және Саид ибн Зәйдтен жеткен хадисте пайғамбар (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Әбу Бәкр жәннәтта, Омар жәннәтта, Осман жәннәтта, Али жәннәтта, Талхә ибн Убәйдуллаһ жәннәтта, Зубәйр ибн Аууәм жәннәтта, Абдуррахман ибн Ауф жәннәтта, Саад ибн Әбу Уәққас жәннәтта, Саид ибн Зәйд жәннәтта, Әбу Убәйба ибн әл-Жәррах жәннәтта» [5]
Әбу Бәкрдің Омар ибн әл-Хаттабты
халиф қылып тағайындауы
Дүйсенбі, Жумада әл-Уля айының жетісі күні ауа-райы суық болды. Әбу Бәкр (Аллаһ оған разы болсын) жуынып, қызуы көтеріліп ауырып қалды. Сол себепті Омар ибн әл-Хаттабқа жамағатпен намаз жүргізуді бұйырып, өзі намазға шыға алмай қалды. Сол ауырып жатқан күндердің бірінде, қызы Айша (Аллаһ оған разы болсын) сұрады: «Адамдарға өсиет қалдырғың келмей ме?». Ол айтты: «Ия», сонда Айша айтты: «Онда өзіңнен кейін басқарушы тағайында. Расында, осы қызметке ең лайықты – Омар»
Абдуррахман ибн Әбу Бәкр (Аллаһ оған разы болсын) айтты: «Расында, құрайыштар, басшы ретінде Осман ибн Аффанды көргісі келеді. Ал Омарды оның қаталдығы себепті қаламайды». Сондай Әбу Бәкр айтты: «Расында Омар өте жақсы басшы»
Келесі күннің таңында, Әбу Бәкр өзіне мухаджирлар мен ансарлардың кейбіреулерін Омар жайлы ақылдасуға шақырды, оның арасында Осман ибн Аффан, Абдуррахман ибн Ауф, Саид ибн Зәйд және басқалар болды. Олар Әбу Бәкрдің осы шешімін қолдады.
Сахабалармен ақылдасқаннан кейін Әбу Бәкр Османға өзінен кейін халиф ретінде Омар ибн әл-Хаттабты тағайындау жайында жазуды бұйырды. Осы хабарды Шамдағы өзінің өкілдеріне жіберіп, Омарды өзіне шақырып айтты: «Расында мен сені пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына басшы етіп тағайындадым».
Әбу Бәкр (оған Аллаһ разы болсын) өлімінен кейін, Омар ибн әл-Хаттаб, халиф ретінде, өзінің бірінші хутбасын айтты. Халиф болғаннан кейін, Омар бірден Әбу Убада ибн Мас’уд басшылығамен Ирак жеріне жасақ жіберді. Халиф уақытында Ирак, Парсы, Шам, Мысыр елдері мұсылмандарға ашылды.
Омардың маңызды бір ісі – мемлекеттік істерді жазу (әртүрлі қажет нәрселерге қанша шығын болғанын, мұрегерлік, тағы басқа) ұйымдастырылды.
Омар (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ жолында шайқасып жүргендердің, мұсылмандар қазынасынан оларға төлеу үшін тізімін құрастырды. Және мұсылмандардың жыл санағын бастады. Санақ бастамасы ретінде пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хижрасын (Меккеден Мединаға көшуін) алды.
Парсы империясын жаулағаннан кейін, мұсылмандарға көптеген адамдар тұтқындалды. Олардың біреу Әбу Лю’лю’ деген отқа табынушы Муғира ибн Шу’баға тиесілі болды. Зуль-Хижә айының 26 күні, сәрсенбінің таңында Омар жамағатпен таң намазын орындап жатған кезінде, Әбу Лю’лю’ арнайы Омарды өлтіру үшін жасалған, екі жағында екі жүзі бар, уланған қанжармен Омарды бірнеше рет ұрды. Омарды ұрып, және әрбір оны тоқтатқысы келгендерді қанжармен ұрып қаша бастады. Ақырында он үш сахабаны жарақаттап, соның жетеуі қайтыс болды. Жарақаттанған Омар Абдуррахман ибн Ауфтың қолынан ұстап, өзінің орнына имам қылып, намазды аяқтау үшін шығарды. Ал сахабалар қашып бара жатқан Әбу Лю’люнің үстіне мата тастады. Ол ұсталғанын түсініп, қолындағы қанжармен өзін ұрып өлтірді.
Омар өзін жарақаттаған көпқұдайшыл екенін біліп: «Менің өлімімнің себепкерін мұсылман етпеген Аллаһқа мақтаулар болсын! Ол Ақырет күні өзінің Аллаһ үшін жасаған сәжделерін айтып, менімен Аллаһ алдында дауласатын еді» дейді. Осыдан кейін өзінің ұлын Абдуллаһты Айшаға жіберіп, достарының, яғни пайғамбар (оған Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) мен Әбу Бәкрдің қасына жерлеудің рұқсатын сұратты. Ал Айша рұқсат берді. Омар тағы үш күн өмір сүріп, сосын қайтыс болды.
«Фәтх әл-Бәри» кітабіндегі, Әнәс ибн Мәликтен Қатада жеткізген хадисте, бір уақытта пайғамбар (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) Ухуд тауында Әбу Бәкр, Омар және Османмен бірге тұрғанында, тау сілкіне бастады, сонда пайғамбар (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын): «Тыныштал Ухуд! Расында сенің үстіңде пайғамбар, Сыддық, және екі шахид бар», – деп айтқаны келтіріледі.
Аллаһ одан разы болсын!
____________________
[1] Бұл жыл Омардың басшылығы кезінде, хижраның 18 жылы болды. Бұл жылы көп адам қайтыс болған еді.
[2] әт-Тирмизи 3764, әл-Хаким 3/83, Ибн Са’д 3/237. Имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, әл-Хаким, әз-Захаби және әл-Әлбани хадисті сахих деген.
[3] Ибн Са’д 3/270, Ибн Абу Шайба 2/226. Иснады сахих.
[4] Ибн Хиббан 1829, әл-Хаким 3/85, Ибн Хишам 1/233. Хафиз Ибн Касир және шейх әл-Әлбани иснадты жақсы деп бағалады. Қараңыз. “әл-Бидая” 2/39, “Сахих әл-Мәуәрид” 2181.
[5] Бұл хадисті Ахмад 1/188, әт-Тирмизи 3747, ибн Мәжәх 132 және басқалары жеткізге. Хафиз ибн Хажәр, шейх Ахмад Шакир, шейх әл-Әлбани сахих деген.