×
Юшағ пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы жазылған мақала

    Юшағ

    (оған Аллаһтың сәлемі болсын) қиссасы

    قصة يوشع بن نون عليه السلام

    >Қазақ тілі – Kazakh –< كازاخي

    فريق اللغة الكازاخية بموقع دار الإسلام

    Islamhouse.com сайтының қазақ тілі бөлімшесі

    —™

    Юшағ

    (оған Аллаһтың сәлемі болсын)

    Қасиетті соғыс

    Мұсадан кейінгі ұлы пайғамбарлардың қатарында Дәуіт пен Сүлеймен тұрады. Исраилдіктерге Дәуіт пайғамбар келгенге дейінгі аралықта көптеген оқиғалар болып өтті. Һарун мен Мұса дүниеден өткенде, исраилдіктер әлі Синай мен Палестинаның арасында босып жүрген-ді. Өйткені оларға Құдысқа кіру қырық жылға харам етілген болатын:

    «Енді оларға ол жер шынайы түрде қырық жыл харам етілді. Олар сол жерде сандалып жүреді» (Мәида сүресі, 26-аят).

    Мұса мен Һарун дүниеден өткен соң, Исраил қауымын Юшағ ибн Нун деген кісі басқарды. Юшағ Юсуфтың ұрпағынан еді. Оған Құранда Мұса мен Қыдырдың әңгімесінде сілтеме жасалған. «Сол уақытта Мұса жігітіне», «Екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса жігітіне...». Бұл аяттардағы жігіт – Юшағ.

    Ол Мұсаға серік болып жүріп дін ілімін, Тәуратты үйренді. Ғұламалар ол пайғамбар болды деген пікірді бірауыздан қолдайды.

    Сонымен, мерзімді қырық жыл өткенде Юшағ исраилдіктерді ертіп, Құдыс қаласына бет алды. Әуелден-ақ олардың Құдысқа кіруін Аллаһ тағала жазған-ды. Тек өздерінің кесапат мінездерінің салдарынан жапан далада қырық жыл қаңғырып жүрді. Юшағпен Құдысқа бет алған исраилдіктердің жаңа буыны болатын, ал бұзауға табынғандардан Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқандай, ешкім қалмаған еді. Олар үлкен күш-қуатты халқы бар Құдыс қаласын алты ай қоршауға алды. Ақырында, шешуші айқас жұма күнінің екінді мезгіліне дөп келді. Исраилдіктер сенбі күні Аллаһ тағала тыйым салғаны үшін соғыспайтын, жұмыс істемейтін. Екі тарап кескілескен ұрыстың нәтижесінде жұма күні екінді мезгілінен кейін исраилдіктерге жеңістің шеті көріне бастады. Егер күн батса, сенбі басталады. Исраилдіктер күн батса, соғыс тоқтап, қолдарында тұрған жеңістен айырылып қалудан қорқа бастады. Сөйтіп, олар Құдысты күн батпай жатып алуға барын салды. Дегенмен Құдысты толық алмай тұрып күн батуға айналды. Сол кезде Юшағ күнге қарап: «Сен де әмірді орындайсың! Мен де әмірді орындаймын! Аллаһым! Оны маған тоқтат!» – деп жалбарынып дұға қылады. Оның дұғасы қабыл болып, күн сол орнында батпай тұрып қалды. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):

    «Расында, күн Юшағтан басқа ешбір адамзатқа тоқтатылған емес. Ол Құдысқа барған кештерде», – деген (Хадисті Ахмад жеткізген).

    Күн осылай исраилдіктер Құдысқа толық иелік еткенге дейін батпай тұрды. Тағы да Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):

    «Пайғамбарлардың бірі жорыққа шығып, қауымына: «Маған отасуды қалаған және енді отасайын деп отырған әйелі бар кісі, үй тұрғызып, оның төбесін жаппаған біреу және буаз қойлар немесе түйелер сатып алып, оның төлін күтіп отырған біреулер ермесін», – деді. Сөйтіп, жорыққа шығып, бір елге аср намазы кезінде яки соған жақын бір уақытта таяп келгенде күнге: «Сен де бұйрықты орындаушысың, мен де бұйрықты орындаушымын. Аллаһым, оны мен үшін біраз ұста», – деді. Сонда (күн) ол үшін Аллаһ жеңіс әпергенше тоқтатылды. Содан соң олжалағандарын жинады. Сол кезде (олжаларды) жалмау үшін от келді де, оны жалмаудан бас тартты3. (Пайғамбар): «Сендерде түйткіл бар. Әрбір рудан бір кісі маған байғат (келісім антын) берсін», – деді де, олар байғат берді. Сонда бір кісінің қолы (пайғамбардың) қолына жабысып қалды. (Пайғамбар): «Сендерде түйткіл бар. Маған қабилаң байғат берсін», – деді де, олар байғат берді. Сонда екі-үш кісінің қолы жабысып қалды. «Сендерде түйткіл бар. Көңіліне түйткіл алған сендерсіңдер», – деді. Сөйтіп, олар сиырдың басындай алтын шығарып, жерде жатқан мал-дүниеге салды. Сол кезде барып от келіп оны жалмады. Олжалар бізден бұрын ешкімге халал қылынбаған. Бірақ Аллаһ тағала әлсіздігіміз бен дәрменсіздігімізді көріп, оларды бізге халал етті», – деген (Хадисті әл-Бұхари, Муслим және Ахмад жеткізген).

    Құдысқа кіру

    Юшағ исраилдіктерге Бәйтул-Мақдиске енерде түгелдей сәжде қылған күйде «хитта» деп айтып кіруді бұйырды. «Хитта» қателіктерімізді кешір дегенді білдіретін сөз еді. Аллаһ тағала: «Сол уақытта оларға: «Осы елді мекенге кіріп, одан қалағандарыңша жеңдер және қақпадан сәжде жасап «хитта» (күнәмізді кеш) деп кіріңдер. Қателіктеріңді кешіріп, игілік істеушілердің сауабын арттырамыз», – дедік», – деген. Ал исраилдіктер болса Юшағты әжуалап, хитта деген сөзді әдейі бұрмалап, хинта-хинта деп кірді. «Хинта» – арпа дәнінің атауы. Сондай-ақ қала қақпасынан сәжде қылып кірудің орнына, басқаша халде кірді. «Сонда залымдар сөзді өздеріне айтылғаннан басқаға ауыстырды».

    Исраилдіктердің азғантайы ғана Бәйтул-Мақдистің қақпасынан сәжде жасап кіріп, «хитта» деп айтқан. Ал көпшілігі қақпадан арт жақтарымен кіріп, «хинта» деген-ді.

    жалмап кететін. Бұл Аллаһқа ұсынғандарының қабыл алынғанының және оларда түйткіл болмағанының белгісі еді.

    Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Исраил ұрпақтарына: «Қақпадан сәжде жасап «хитта» деп кіріңдер, қателіктеріңді кешіреміз» делінді. Сонда олар (өздеріне айтылғанды) өзгертіп, бөкселерімен сырғып кірді де, «хинта» (арпа дәні) деп айтты», – деген (Хадисті әл-Бұхари мен ән-Нәсәи жеткізген).

    Осы қылықтары үшін Аллаһ оларға: «Сондықтан залымдарға бұзақылықтарының салдарынан аспаннан пәле жаудырдық» (Бақара сүресі, 58-59 аяттар), – деп айтқан.

    Ғұламалар: бұл жазаны оба деп есептеген. Өйткені Усама ибн Зәйд (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, бұл індет – өздеріңнен алдыңғы кейбір үмбеттер онымен азапқа тартылған жаза», – деп айтқан (Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген).

    Бұл обадан бір күннің ішінде олардың жиырма мыңға тарта адамы қырылып қалды. Сонда исраилдіктер жаппай Аллаһқа жалбарынып, кешірім тілей бастады. Аллаһ тағаланың оларға рақымы келіп, ел обадан айықты.

    Құдысты қолға алғаннан кейін исраилдіктер Палестинада өмір сүрді. Юшағ дүниеден өткенше олардың ішінде Аллаһтың кітабы Тәуратпен үкім жүргізді. Ол Мұсадан жиырма жеті жылдан кейін, жүз жиырма жеті жасында дүниеден озды.

    Қолданылған әдебиеттер: Ибн Касирдің «Қисасуль-Әнбия», «Альбидая уа нихая».