Имам Науауидің "Қырық хадис" кітабінің мәтіні
Бұл тақырып аударылған
- العربية - Arabic
- Русский - Russian
- Bi zimanê Kurdî - Bi zimanê Kurdî
- עברית - Hebrew
- Français - French
- اردو - Urdu
- हिन्दी - Hindi
- Èdè Yorùbá - Yoruba
- afaan oromoo - Oromoo
- Deutsch - German
- Malagasy - Malagasy
- Shqip - Albanian
- অসমীয়া - Assamese
- Luganda - Ganda
- Адыгэбзэ - Адыгэбзэ
- Afaraf - Afar
- தமிழ் - Tamil
- Norwegian - Norwegian
- suomi - Finnish
- فلبيني مرناو - فلبيني مرناو
- italiano - Italian
- українська - Ukrainian
- Wikang Tagalog - Tagalog
- বাংলা - Bengali
- 中文 - Chinese
- svenska - Swedish
- тоҷикӣ - Tajik
- azərbaycanca - Azerbaijani
- 日本語 - Japanese
- ไทย - Thai
- Nederlands - Dutch
- čeština - Czech
- Türkçe - Turkish
- português - Portuguese
- español - Spanish
- മലയാളം - Malayalam
- فارسی - Persian
- ພາສາລາວ - Unnamed
- Pulaar - Fula
- English - English
- Shqip - Albanian
- English - English
- Kinyarwanda - Kinyarwanda
- suomi - Finnish
- тоҷикӣ - Tajik
Бөлімдер
Дерек көздері
Full Description
- Имам Науауидің "Қырық хадис" кітабінің мәтіні
- Бірінші хадис
- Екінші хадис
- Үшінші хадис
- Төртінші хадис
- Бесінші хадис
- Алтыншы хадис
- Жетінші хадис
- Сегізінші хадис
- Тоғызыншы хадис
- Оныншы хадис
- Он бірінші хадис
- Он екінші хадис
- Он үшінші хадис
- Он төртінші хадис
- Он бесінші хадис
- Ол алтыншы хадис
- Он жетінші хадис
- Он сегізінші хадис
- Он тоғызыншы хадис
- Жиырмасыншы хадис
- Жиырма бірінші хадис
- Жиырма екінші хадис
- Жиырма үшінші хадис
- Жиырма төртінші хадис
- Жиырма бесінші хадис
- Жиырма алтыншы хадис
- Жиырма жетінші хадис
- Жиырма сегізінші хадис
- Жиырма тоғызыншы хадис
- Отызыншы хадис
- Отыз бірінші хадис
- Отыз екінші хадис
- Отыз үшінші хадис
- Отыз төртінші хадис
- Отыз бесінші хадис
- Отыз алтыншы хадис
- Отыз жетінші хадис
- Отыз сегізінші хадис
- Отыз тоғызыншы хадис
- Қырқыншы хадис
- Қырық бірінші хадис
- Қырық екінші хадис
- Қырық үшінші хадис
- Қырық төртінші хадис
- Қырық бесінші хадис
- Қырық алтыншы хадис
- Қырық жетінші хадис
- Қырық сегізінші хадис
- Қырық тоғызыншы хадис
- Елуінші хадис
Имам Науауидің "Қырық хадис" кітабінің мәтіні
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен
Бірінші хадис
Амалдар ниетке байланысты
Мүміндердің әмірі Әбу Хафс Омар ибн Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) былай дегені риуаят етіледі: "Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін есіттім:"Шын мәнінде, амалдар тек қана ниет арқылы (бағаланады) және, расында, кім нені ниет етсе, оған сол (тиесілі) болады. Сондықтан кім Аллаһ пен Оның елшісіне қарай қоныс аударған болса, онда ол Аллаһ және Оның елшісі үшін қоныс аударған (болып саналады), ал кім дүние табу үшін қоныс аударса, ол оны (дүниені) табады. Ал кім әйел үшін қоныс аударса, оған үйленеді, ол не үшін қоныс аударса, сол ниетіне жетеді"Бұл хадисті мухаддистердің имамдары Әбу Абдуллаһ Мұхаммед ибн Исмаил ибн Ибраһим ибн әл-Муғира ибн Бардизбаһ әл-Бұхари әл-Жуъфи (хадис нөмірі: 1)және Әбул-Хусейн Муслим ибн әл-Хажжаж ибн Муслим әл-Қушайри ән-Найсабури (хадистің нөмірі: 1907). Оларға Аллаһ разы болсын!хадис кітаптарының ең сенімділері саналған өз "Сахихтарында" келтірген
Екінші хадис
Мұсылмандарды діндерін үйрету үшін Жәбірейілдің келуі
Омардың (Аллаһ оған разы болсын): былай дегені риуаят етіледі:"Бір күні біз Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) қасында отырғанымызда аппақ киімді, қою қара шашты, алыс жолдан келгендігі байқалмайтын және оны бізден ешкім танымайтын бір адам келді. Ол Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) тізелеріне тізелерін тиістіріп (қарсы) отырды да, қолдарын өз сандарының үстіне қойып: "Уа, Мұхаммед, маған Ислам туралы хабар бер", - деді. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) айтты: "Ислам дегеніміз - сенің Аллаһ Тағаладан басқа ешбір құдай жоқ және Мұхаммед - Аллаһтың елшісі деп куәлік беруің, намаз оқуың, зекет беруің, рамазанда ораза тұтуың және жолына шамаң келсе, Үйге (Қағбаға) қажылық жасауың". (Жаңағы адам): "Сен рас айттың", - деді. Ал біз оның (Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)) сұрақ беріп және оның жауабын мақұлдап растағанына таң қалдық. (Сонсоң) ол: "Енді маған иман туралы хабар бер", - деді. Аллаһ елшісі: "Ол - сенің Аллаһқа және Оның періштелеріне, Оның кітаптарына, Оның елшілеріне, Қиямет күніне, сондай-ақ тағдырға; оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің", - деді. (Ол тағы да): "Сен рас айттың", - деді. (Сонсоң): "Сен маған енді ихсан туралы айтып бер", - деді. Аллаһ елшісі: "Ол - сенің Аллаһ Тағалаға Оны көріп тұрғандай құлшылық қылуың, сен Оны көріп тұрмағаныңмен, Ол сені көріп тұр", - деді. (Сонсоң әлгі кісі): "Ал енді маған Сағат (Қиямет күні) туралы айтып бер", - деді. Аллаһ елшісі: "Сұралушы сұраушыдан көп білмейді", - деді. Ол: "Онда оның белгілері туралы айтып бер", - деді. Аллаһ елшісі: "(Қиямет күні жақындағанда) күң өз ханшасын туады және жалаңаяқ-жалаңаш қой соңындағы кедейлер биік үй соғудан бірімен-бірі бәсекеге түскенін көресің", - деді. Сонсоң (әлгі адам) кетіп қалды. Мен біраз отырдым. Сонан соң Аллаһ елшісі: "Уа, Омар, сұрақ берушінің кім екенін білесің бе?" - деді. Мен: "Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі", - дедім. (Сонда) ол: "Ақиқатында, бұл - Жәбірейіл, сендерге діндеріңді үйрету үшін келді!" - деді.Хадисті Муслим риуаят етті (хадис нөмірі: 8)
Үшінші хадис
Ислам бес (тірекке) құрылған
Әбу Абдур-Рахман Абдуллаһ ибн Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естідім:«Ислам бес (тірекке) құрылған: Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылық өтеу және рамазанда ораза тұту»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 8) және Муслим (нөмірі: 16) риуаят етті
Төртінші хадис
Шын мәнінде, әрқайсың анасының құрсағында жаратылады
Әбу Абдур-Рахман Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың шыншыл және сенуге лайықты елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) біздерге былай деп айтқан:«Шын мәнінде, әрқайсың анасының құрсағында қырық күн бойы ұрық тамшысы түрінде қалыптасады, сонан соң ол сонша уақыт ұйыған қан түрінде және сонша уақыт бір кесек ет тәрізді болады. Содан кейін періште жіберіледі де оған үрлеп жан ендіреді. Және ол төрт нәрсені: оның ризық-несібесін, ажалын, амалдарын және оның бақытты не бақытсыз болатынын жазуға бұйрық алады. Өзінен басқа ешбір құдай жоқ Аллаһпен ант етемін, шын мәнінде, сендердің біреуің жаннатқа қолдың білегіндей қалғанша жаннаттықтардың амалын істеп барады, содан кейін (маңдайына) жазылғаны алдынан шығады да, тозақтықтардың амалын істеп (тозаққа) кіреді. Сондай-ақ, шын мәнінде, сендердің біреуің тозаққа қолдың білегіндей қалғанша тозақтықтардың амалын істеп барады, содан кейін (маңдайына) жазылғаны алдынан шығады да, жаннаттықтардың амалын істеп, (жаннатқа) кіреді»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 3208) және Муслим (нөмірі: 2643) риуаят еткен
Бесінші хадис
Кімде-кім біздің бұл ісімізге қатысы болмаған жаңалық енгізсе, ол қабыл етілмейді
Мүміндердің анасы Умму Абдуллаһ Айшадан (Аллаһ оған разы болсын):«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):"Кімде-кім біздің бұл ісімізге қатысы болмаған жаңалық енгізсе, ол қабыл етілмейді"Хадисті әл-Бұхари (нөмірі:2697) және Муслим (нөмірі:1718) риуаят еткенМуслимнің риуаятында:«Егер кімде-кім біздің ісімізге қатысы болмаған бір (жаңалық) амал істесе, ол қабыл етілмейді»
Алтыншы хадис
Ақиқатында, халал белгілі және харам белгілі
Әбу Абдуллаһ Нуғман ибн Башир (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):«Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім:«Ақиқатында, халал белгілі және харам белгілі, ал олардың арасында адамдардың көпшілігі білмейтін шүбәлі нәрселер бар. Шүбәлі нәрседен сақтанған өз дінін және өз абыройын (сақтау) үшін (одан) арылады, ал шүбәмен айналысушы харамға да баратын болады. Өйткені ол әне-міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Әр патшаның өз қорығы бар, ал Аллаһ тағаланың қорығы – (адамдарға) тыйым салғандары. Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады, ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады, шын мәнінде ол – жүрек»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 52) және Муслим (нөмірі: 1599) риуаят еткен.
Жетінші хадис
Дін – насихат
Әбу Руқайя Тәмим ибн Аус әд-Дари (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Дін – насихат (адалдық)», – деді. Біз: «Кімге қатысты?» – деп (сұрадық). Ол: «Аллаһқа, Оның кітабына, Оның елшісіне және мұсылмандардың басшыларына, сондай-ақ түгелдей барлық (мұсылмандарға) қатысты»Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 55)
Сегізінші хадис
Маған адамдармен шайқасуға әмір етілді
Ибн Омардан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын), Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):"Аллаһтан басқа (құлшылыққа лайықты) құдай жоқ екендігіне, және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік бергендеріне дейін, намаз оқып, зекет бергендеріне дейін адамдармен шайқасуға маған әмір етілді. Егер осы амалдарды істесе, олардың қандары мен мал-мүліктері, тек қана Ислам бойынша хақ болғаннан бөлек, менен құтылады. Және оларды Аллаһ Тағала есебіне алады."Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 25) және Муслим (нөмірі: 22) риуаят еткен
Тоғызыншы хадис
Мен тыйым салғандардан аулақ болыңдар
Әбу Һурайра Абдур-Рахман ибн Сахрдан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етіледі: "Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін есіттім:«Мен тыйым салғандардан аулақ болыңдар, ал мен бұйырғандардан шамаларың жеткенін орындаңдар, өйткені шын мәнінде сендерге дейінгілерді көп сұрақтар беру мен пайғамбарларымен сөз таластыруы опат қылды»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 7288) және Муслим (нөмірі: 1337) риуаят еткен
Оныншы хадис
Расында, Аллаһ – Пәк, сондықтан Ол тек пәк нәрсені ғана қабыл етеді.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын):«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):«Ей, адамдар! Расында, Аллаһ – Пәк, сондықтан Ол тек пәк нәрсені ғана қабыл етеді. Шын мәнінде, Аллаһ елшілерге бұйырғанын мүміндерге де бұйырды. Аса Жоғары Мәртебелі: «Ей, елшілер! Таза3 ризықтардан жеңдер де, ізгі амал істеңдер»; «Ей, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсыларынан жеңдер», – деген», – деді. Сонан соң (Пайғамбар) үсті-басы шаң, шаштары ұйысқан, ұзақ жол жүріп келген қалпында қолдарын көкке (қарай) көтеріп: «Уа, Раббы! Уа, Раббы!» деп (қайталап) тұрған адам туралы: «Бірақ жегені харам, ішкені харам, кигені харам және хараммен азықтандырылған (асырап өсірілген) оның дұғасы қалайша қабыл болсын?!»Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 1015)
Он бірінші хадис
Өзіңе күмәнді көрінгенді ешқандай күмән туғызбайтынның пайдасына тәрк ет
Пайғамбардың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) немересі әрі сүйіктісі Әбу Мұхаммед Хасан ибн Әли ибн Әбу Талиб (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):"Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) мына сөздерін есімде сақтадым:«Өзіңе күмәнді көрінгенді ешқандай күмән туғызбайтынның пайдасына тәрк ет»Хадисті әт-Тирмизи (нөмірі: 2520), және ән-Нәсәи (нөмірі: 5711) риуаят еттіәт-Тирмизи бұл хадистің үкімі жайында: "Жақсы, сенімді хадис", - деп айтты.
Он екінші хадис
Адамның Исламды жақсы ұстануының белгісі
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын):«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):«Адамның Исламды жақсы ұстануының белгісі – оның өзіне қатысы жоқтан бас тартуы»Жақсы хадисХадисті әт-Тирмизи (нөмірі: 2318), және Ибн Мәжәһ (нөмірі: 3976) риуаят етті
Он үшінші хадис
Сендерден ешқайсың өзіне қалағанды бауырына да қаламайынша (толық) иман келтірмейді
Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) қызметшісі Әбу Хамза Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың салуаты мен сәлемі болсын) былай деген:«Сендерден ешқайсың өзіне қалағанды бауырына да қаламайынша (толық) иман келтірмейді»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 13) және Муслим (нөмірі: 45) риуаят еткен.
Он төртінші хадис
Мұсылманның үш жағдайдан басқа кезде, қанын төгуге рұқсат етілмейді
Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын):«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне және мен Аллаһтың елшісі екендігіме куәлік беруші мұсылманның (мына) үш жағдайдан басқа кезде, қанын төгуге рұқсат етілмейді: үйленген адам зина жасағанда, біреуді жазықсыз өлтіргенде және кімде-кім өз дінінен қайтып, қоғамнан шыққан (кезде)»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6878) және Муслим (нөмірі:1676) риуаят еткен.
Он бесінші хадис
Кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз айтсын
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын):«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін, кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, өз көршісіне құрмет көрсетсін, кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, қонағына құрмет көрсетсін»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6018) және Муслим (нөмірі47) риуаят еткен.
Ол алтыншы хадис
Ашуланба
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Бір адам Пайғамбарға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған кеңес бер», – деп өтіндіОл (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Ашуланба», – деді. Осыдан кейін әлгі адам (өз сұрағын) бірнеше рет қайталады. (Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі) әр жолы): «Ашуланба», – деуден танбады»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6116) риуаят етті
Он жетінші хадис
Ақиқатында, Аллаһ әр нәрсені (іс амалды) жақсы істеуге бұйырған
Әбу Яғла Шаддад ибн Аус (Аллаһ оған разы болсын):«Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Ақиқатында, Аллаһ әр нәрсені (іс амалды) жақсы істеуге бұйырған, егер өлтіру (керек болса), жақсы тәсілмен өлтіріңдер, тіпті мал соятын болсаңдар да жақсы орындаңдар, пышақты (жақсылап) қайрап, (сойылатын) малды азаптан құтқарыңдар»Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 1955)
Он сегізінші хадис
Қайда болсаң да Аллаһтан қорық
Әбу Зарр Жундуб ибн Жунада мен Әбу Абдур-Рахман Муғаз ибн Жәбәл (Аллаһ ол екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Қайда болсаң да Аллаһтан қорық, жаман істен кейін оны жоятын жақсы іс істе және адамдармен қатынас жасағанда жақсы мінез-құлық таныт»Хадисті әт-Тирмизи (нөмірі: 1987) риуаят еттіәт-Тирмизи хадистің үкімі жайында "Жақсы хадис" және басқа нұсқаларда "Жақсы, сенімді хадис" деп айтты
Он тоғызыншы хадис
Аллаһты (есіңде) сақта, Ол сені сақтайтын болады
Әбул-Аббас Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) былай деді:«Бір күні мен Пайғамбармен (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) көлікте мінгесіп (келе жатқанымда) ол (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Ей, бала! Мен саған бірнеше сөз үйретемін: Аллаһты (есіңде) сақта, Ол сені сақтайтын болады, Аллаһты (есіңде) сақта, сен Оны қарсы алдыңнан табатын боласың. Егер (бір жай туралы) сұрағың (келсе), Аллаһтан сұра, егер көмек сұрағың (келсе), Аллаһтан көмек сұра және біліп қой, егер үмбеттің (барлығы) жиылып саған қандай да бір пайда істегісі келсе Аллаһ белгілеген нәрседе ғана пайда келтіре алады және олардың барлығы жиылып саған қандай да бір зиян жеткізгісі келсе, Аллаһ белгілеген істе ғана зиян жеткізе алады, өйткені, қалам әлдеқашан көтерілген, ал парақтар құрғаған»Хадисті әт-Тирмизи (нөмірі: 2516) риуаят еттіХадистің үкімі жайында: "Жақсы, сенімді хадис" , - деп айттыәт-Тирмизиден басқа риуаятта:«Аллаһты есіңде сақта, сен Оны қарсы алдыңнан табасың, береке-рақатта Аллаһты тануға ұмтыл, Ол сені қиыншылық-таршылықта таниды, біліп қой, сені айналып өтетін жайт саған тап болуы тиіс емес, ал саған тап болатын сені айналып өтуі мүмкін емес, біліп қой, сабыр жеңіске (жеткізеді), қайғы орнына қуаныш-шаттық (келеді), ал қиыншылықты жеңілдік (ауыстырады)»
Жиырмасыншы хадис
Ұялмасаң, білгеніңді қыл
Әбу Масғуд Уқба ибн Амр әл-Ансари әл-Бадри (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Шын мәнінде, адамдарға әуелгідегі пайғамбарлардан «ұялмасаң, білгеніңді қыл», – деген сөз қалған»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 3483) риуаят етті
Жиырма бірінші хадис
«Аллаһқа иман келтірдім» де, содан соң туралықты ұстан
Әбу Амр Суфиян ("Әбу Амра" деп те делінген) ибн Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын):«(Бір күні) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған Ислам туралы сондай бір сөздер айт. (Одан кейін) мен ол туралы сенен өзге ешкімнен сұрамайтындай (болайын)», – дедім. Ол (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаһқа иман келтірдім» де, содан соң туралықты ұстан», – деді».Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 38)
Жиырма екінші хадис
Маған айтшы, егер мен парыз намаздарымды оқысам, рамазан кезінде ораза ұстасам
Әбу Абдуллаһ Жәбир ибн Абдуллаһ әл-Ансаридан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):«Бір адам Пайғамбардан (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған айтшы, егер мен парыз намаздарымды оқысам, рамазан кезінде ораза ұстасам және халалды халал, харамды харам деп біліп, осыларға ешнәрсе қоспасам, жәннәтқа кіремін бе?» – деп сұрады. (Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)): «Иә», – деді».Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 15)
Жиырма үшінші хадис
Таһарат – иманның жартысы
Әбу Мәлик Харис ибн Асим әл-Ашғаридан (Аллаһ оған разы болсын):«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):«Таһарат–иманның жартысы,«Әл-хәмду лилләһ» (барлық мадақ Аллаһқа тән) (сөздері) таразыны толтырады,«Субханаллаһи уәл-хәмду лилләһ»(Аллаһ Пәк және барлық мадақ Аллаһқа тән) көктер мен жердің арасындағы (кеңістікті) толтырады, намаз–нұр, садақа-дәлел, сабыр–жарық сәуле, Құран–сен үшін яки саған қарсы құжат. Барлық адам таңертең (өз шаруалары бойынша) шығады, сонда ол өз жанын сатушы не оны құтқарушы не өлтіруші»Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 223)
Жиырма төртінші хадис
Ей, Менің құлдарым! Шын мәнінде, Мен Өзіме зұлымдықты харам еттім
Әбу Зарр әл-Ғифаридан (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): «Аса Құдіретті де Ұлы Раббы былай деді:«Ей, Менің құлдарым! Шын мәнінде, Мен Өзіме зұлымдықты харам еттім және оны сендердің араларыңда да харам еттім, енді біріңе-бірің зұлымдық етпеңдер! Ей, Менің құлдарым! Менің тура жолға салғандарымнан басқаларың түгелдей адасуда едіңдер, енді Менен тура жолға түсіруімді сұраңдар, Мен сендерді тура жолға түсіремін! Ей, Менің құлдарым! Мен тамақтандырғаннан басқаларың түгелдей аш едіңдер, енді Менен тамақтандыруымды өтініңдер, Мен сендерді тамақтандырамын! Ей, Менің құлдарым! Мен киіндіргеннен басқаларың түгелдей жалаңаш едіңдер, енді Менен киіндіруімді өтініңдер, Мен сендерді киіндіремін! Ей, Менің құлдарым! Расында, сендер күндіз-түні күнә істейсіңдер, ал Мен барлық күнәларды кешіремін, енді Менен кешірім өтініңдер, Мен сендерді кешіремін! Ей, Менің құлдарым! Расында, сендер еш уақытта Маған зиян да, пайда да келтіре алмайсыңдар! Ей, Менің құлдарым! Егер сендердің алғашқыларың мен соңғыларың, адамдар мен жындар, сендердің ең тақуаларыңның жүрегіндей тақуа болғанда да, Менің патшалығыма бұларың ешнәрсе қоса алмас еді! Ей, Менің құлдарым! Егер сендерден алғашқыларың мен соңғыларың, адамдар мен жындар, сендердің ең күнәкарларыңның жүрегіндей күнәкар болғанда да бұларың Менің патшалығымнан ешнәрсені азайта алмас еді! Ей, Менің құлдарым! Егер сендердің алғашқыларың мен соңғыларың, адамдар мен жындар, бір жерде (жиылып) тұрып Менен (қандай да бір нәрсені) өтінсе, Мен олардың әрқайсысына сұрағанын берер едім, бұл Мендегі барды теңізге батырылып шыққан ине (теңіз суын қаншалықты) азайтса, соншалықты ғана азайтар еді! Ей, Менің құлдарым! Расында, бұл – Мен есептеген амалдарың ғана, сонан соң сендерге сол (амалдарың) үшін толық баға беремін, сол кезде кім игілікке жетсе, Аллаһқа мадақ айтсын, ал кім басқа бір нәтижеге ие болса, оны тек қана өзінен көрсін!»Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 2577)
Жиырма бесінші хадис
Барлық сауапты байлар аладыӘбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын):«(Бір күні) Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары қатарындағы адамдар Пайғамбарға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) келіп:«Уа, Аллаһтың елшісі! Барлық сауапты байлар алады, өйткені олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза тұтады және өз байлықтарының артығынан садақа етіп таратады»,–деді. (Пайғамбар):«Ал Аллаһ сендер үшін садақа жасай алатын нәрсе дайындамады ма? Шынында, әрбір дәріптеу (субханаллаһ), әрбір ұлықтау (Аллаһу әкбар), әрбір мадақтау (әлхәмду лилләһ) және әрбір «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» (лә иләһә иллаллаһ) сөздерін айту, жақсылыққа үгіттеп, жамандықтан қайтару, тіпті сендердің әрқайсыларыңның жыныстық қатынас жасауларың да сендер үшін садақа»,–деп жауап қайтарды.(Адамдар):«Уа, Аллаһтың елшісі! Біздерден біреу өз шақуат талабын қанағаттандырғаны үшін де сауап ала ма?»–деп сұрады. (Пайғамбар):«Айтыңдаршы, егер (сендерден біреу) өз (шақуат талабын) тыйым салған (жолмен) қанағаттандырса, күнә болмай ма? Демек, сол сияқты, оны халал жолмен қанағаттандырса да сауап алады»,–деді».Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 1006)
Жиырма алтыншы хадис
Адамдардың (тәніндегі) әрбір буынына садақа берілуі тиіс
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын):«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):«Адамдардың (тәніндегі) әрбір буынына күн шығатын әрбір күні садақа берілуі тиіс: екі (адам) арасында (жанжал туындағанда) сенің әділ болуың–садақа және кісіге мініс көлігіне жәрдемдесуің, оны көлігіне демеп мінгізіп жіберуің немесе жүгін әперуің–садақа, сол секілді әрбір жақсы сөзің–садақа және намазға бара жатқандағы әр қадамың үшін де (саған) садақа (жазылады, адамдарға) зарар жеткізетін затты жолдан алып тастауың да-садақа»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 2989) және Муслим (нөмірі: 1009) риуаят еткен.
Жиырма жетінші хадис
Игілік – көркем мінезділік
Наууас ибн Самғаннан (Аллаһ оған разы болсын):«Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Игілік – көркем мінезділік, ал күнәкарлық – жаныңды тынышсыздандыратын күй және басқалардың бұл туралы білуін сен қаламайсың»Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 2553)Уабиса ибн Мағбадтан (Аллаһ оған разы болсын):«(Бір күні) мен Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) келдім, ол (менен):«Сен игілік туралы сұрауға келдің бе?»–деп сұрады. Мен: «Иә»,–дедім. Ол: «(Бұл туралы) өз жүрегіңнен сұра, (өйткені) игілік–жан дүниең мен жүрегің сенімді болған іс-әрекет, ал күнәкарлық–жан дүниеңе тыныштық бермей, көңіліңде қобалжу тудыратын әрекет, тіпті адамдар саған (талай рет сенікі дұрыс) десе де»,–деп айтты»Жақсы хадисЕкі имамның Ахмад ибн Ханбал (нөмірі: 4/227) және әд-Дәрими (нөмірі: 2/246) муснадтарында жақсы иснәдпен келген хадис
Жиырма сегізінші хадис
Сендерге өсиетім: аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтан қорқу және жақсы мінез-құлық
Әбу Нажих Ирбад ибн Сариядан (Аллаһ оған разы болсын):«(Бір күні) Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) біздің жүрегімізге қорқыныш үрей әкелген, көзімізден жас ағызған уағыз-насихат айта бастады, сонда біз: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл қоштасып тұрған (адамның) уағыз-насихатына ұқсайды, ендеше бізге өсиет айт», – дедік. Ол: «Сендерге өсиетім: аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтан қорқыңдар, басшыларың құл болса да оны тыңдаңдар және бағыныңдар. Сендерден кім (ұзағырақ) өмір сүрсе, ол көптеген талас-тартыстың куәсі болады, сондықтан сендер менің сүннетімнен және тура жолдағы шыншыл халифалардың сүннетінен айырылмаңдар және жаңалықтардан аулақ болыңдар, өйткені әрбір бидғат – адасушылық»Хадисті Әбу Дәуіт (нөмірі: 4607) және әт-Тирмизи (нөмірі: 266) риуаят еттіХадистің үкімі жайында: "Жақсы, сенімді хадис" , - деп айтты
Жиырма тоғызыншы хадис
Аллаһқа құлшылық қыл және Оған ешнәрсені серік қоспа
Муғаз ибн Жәбәл (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мені жәннәтқа кіргізетін және тозақтан алыстататын амал (туралы) хабар бер», – дедім. (Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)):«Сен ұлы мәселе туралы сұрадың. Ақиқатында, Аллаһ тағала кімге нені жеңілдеткен болса, ол үшін сол жеңіл болады: Аллаһқа құлшылық қыл және Оған ешнәрсені серік қоспа, намаз оқы, зекет бер, рамазан уақытында ораза тұт және Үйге (Қағбаға) қажылық жаса»,–деді. Сонан соң ол: «Саған игілік қақпаларының (қайда екенін) айтайын ба? Ораза–қалқан, садақа, отты өшіретін су сияқты күнәларыңды өшіреді және адамның түн ортасындағы намазы»,–деді. Осыдан кейін: «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап (түнде ұйқыдан тұрып), Раббыларына қорқа-үміттене жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Және ешкім істеген амалдары үшін өздеріне қандай жасырын сақтаулы қуанышты сыйлық (бар екенін) білмейді» (деген аяттарды) оқыды.Сонан соң ол: «Саған бұл істің басы мен тірегі және шыңы туралы хабар берейін бе?»–деді. Мен: «Әрине, уа, Аллаһтың елшісі!»–дедім. Ол: «Бұл істің басы–Ислам, тірегі – намаз, ал шыңы – жиһад»,–деді. Сонан соң ол: «Осының бәрінің басты (негізгі) бөлігі туралы хабар берейін бе?»–деді. Мен: «Әрине, уа, Аллаһтың елшісі!»–дедім. Сол кезде ол өзінің тілін көрсетті де: «Саған мынаны тыю керек!»–деді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Айтқан сөздеріміз үшін шынымен жауап береміз бе?»–дедім. Ол: «Анаң артыңда қалсын, адамдарды өсек-аяң сөздерінен басқа нәрсе үшін жүздерін (немесе танауларын) отқа қаратып тозаққа тастаушы ма еді?!»Хадисті әт-Тирмизи (нөмірі: 2616) риуаят еттіХадистің үкімі жайында: "Жақсы, сенімді хадис" , - деп айтты
Отызыншы хадис
Ақиқатында, Аллаһ тағала парыздар (діни міндеттер) жүктеді, ендеше оларды елеусіз қалдырмаңдар
Әбу Сағлаба әл-Хушани Журсум ибн Нәширден (Аллаһ оған разы болсын):«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Ақиқатында, Аллаһ тағала парыздар (діни міндеттер) жүктеді, ендеше оларды елеусіз қалдырмаңдар және межелер белгіледі, ендеше олардың шегінен шықпаңдар және кейбір амал-әрекеттерді харам етті, (оларды) бұзбаңдар және кейбір істер туралы ұмытқандығынан емес, Өз құлдарына мейірімділігі себепті айтпады, ендеше олар туралы қазбаламаңдар»Жақсы хадисХадисті әд-Дарқутни "Сунан" деген кітабінда (нөмірі: 4/184) риуаят етті, және басқалар.
Отыз бірінші хадис
Мына дүниеден баз кеш, сонда сені Аллаһ жақсы көреді
Әбул-Аббас Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (Аллаһ оған разы болсын): «(Бірде) Пайғамбарға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) бір адам келді де: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған оны орындасам мені Аллаһ сүйетін және адамдар жақсы көретін бір амалды айтшы»,–деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Мына дүниеден баз кеш, сонда сені Аллаһ жақсы көреді және адамдардың қолындағыға қызықпа, сонда сені адамдар жақсы көреді»Жақсы хадисХадисті Ибн Мәжәһ (нөмірі: 4102) және басқалары жақсы иснәдпен риуаят еткен
Отыз екінші хадис
(Себепсіз де) зарар жеткізуге болмайды, (жауап ретінде де) зарар жеткізуге болмайды»
Әбу Сағид Сағд ибн Малик ибн Синан әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«(Себепсіз де) зарар жеткізуге болмайды, (жауап ретінде де) зарар жеткізуге болмайды»Жақсы хадисХадисті Инб Мәжәһ (нөмірі: 2341) және әд-Дәрқутни (нөмірі: 4/228) және басқалары иснәдімен риуаят еткен. Ал Имам Мәлик бұл хадисті өзінің "әл-Муатта" кітабында (нөмірі: 2/746) Амр ибн Яхия әкесінен, ал әкесі Пайғамбардан (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) хадис мурсәл ретінде риуаят еткен. Яғни Әбу Сағид хадистің иснәдінде жоқ.Хадистің бір-бірін күшейтетін жолдары бар
Отыз үшінші хадис
Талап етуші дәлел келтіруі керек, ал теріске шығарушы ант ішуі керек
Ибн Аббастан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын), Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Егер адамдарға (тек қана) олардың талап етуі негізінде берілетін болса, онда олардың кейбіреуі басқалардың дүние-мүлкі мен өміріне міндетті түрде қастандық жасайды, (сондықтан) талап етуші дәлел келтіруі керек, ал теріске шығарушы ант ішуі керек»Жақсы хадисХадисті әл-Байхақи (Сунан,10/252) және басқалары осы сөздермен риуаят еткен. Хадис екі Сахихта басқаша келтірілген
Отыз төртінші хадис
Сендерден кім теріс істі көрсе, оны қолымен өзгертсін
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім:«Сендерден кім теріс істі көрсе, оны қолымен өзгертсін, егер ол бұлай ете алмаса, тілімен (өзгертсін), ал егер мұны да істей алмаса, онда жүрегімен (өзгертсін, алайда) бұл – ең әлсіз иманның (көрінісі болады)»Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 49)
«Сендерден кім теріс істі көрсе, оны қолымен өзгертсін, егер ол бұлай ете алмаса, тілімен (өзгертсін), ал егер мұны да істей алмаса, онда жүрегімен (өзгертсін, алайда) бұл – ең әлсіз иманның (көрінісі болады)»
Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 49)
Отыз бесінші хадис
Біріңді-бірің күндемеңдер, бағаны көтермеңдер, өшпенділікте болмаңдар
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын):«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):«Біріңді-бірің күндемеңдер, бағаны көтермеңдер, өшпенділікте болмаңдар, біріңе-бірің теріс қарамаңдар, бір-біріңнің саудаларыңды бұзбаңдар. Ей, Аллаһтың құлдары! Біріңе-бірің туысқан болыңдар, өйткені мұсылман мұсылманға бауыр; ол (мұсылман) оған (мұсылман бауырына) зұлымдық істемейді, алдамайды, қорламайды, ал тақуалық осында. (Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) өз көкірегін үш рет (қолымен) көрсетті). Мұсылман өз мұсылман бауырын қорлауы жеткілікті болатын, мұсылманның қаны, дүние мүлкі және ар-намысы келесі мұсылман үшін харам»Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 2564)
«Біріңді-бірің күндемеңдер, бағаны көтермеңдер, өшпенділікте болмаңдар, біріңе-бірің теріс қарамаңдар, бір-біріңнің саудаларыңды бұзбаңдар. Ей, Аллаһтың құлдары! Біріңе-бірің туысқан болыңдар, өйткені мұсылман мұсылманға бауыр; ол (мұсылман) оған (мұсылман бауырына) зұлымдық істемейді, алдамайды, қорламайды, ал тақуалық осында. (Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) өз көкірегін үш рет (қолымен) көрсетті). Мұсылман өз мұсылман бауырын қорлауы жеткілікті болатын, мұсылманның қаны, дүние мүлкі және ар-намысы келесі мұсылман үшін харам»
Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 2564)
Отыз алтыншы хадис
Кімде-кім мүмінді бұл дүниенің уайым-қайғыларының бірінен құтқарса
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):«Кімде-кім мүмінді бұл дүниенің уайым-қайғыларының бірінен құтқарса, Аллаһ оны Қиямет күнгі уайым-қайғылардың бірінен құтқарады. Кім қарызынан құтыла алмайтын адамның жағдайын жеңілдетсе, Аллаһ оның жағдайын бұл дүниеде де, Ақыретте де жеңілдетеді. Кім мұсылманды жасырса (яғни бір мұсылманның шариғатқа қайшы іс істегенін көргенде басқаларға айтпаса), Аллаһ оны бұл дүниеде де, Ақыретте де жасырады және Аллаһ құлына ол өз бауырына жәрдем бергенін тоқтатқанша жәрдем береді. Кім білім іздеп бір жолға түссе, Аллаһ оның жәннәтқа барар жолын оңайластырады. Ал адамдар Аллаһтың Кітабын бәрі бірге оқып-үйрену үшін Аллаһтың үйлерінің біріне жиналса, оларға міндетті түрде тыныштық түседі және оларды мейірім-шапағат орап алады, оларды періштелер қоршайды және Аллаһ оларды Өзінің құзырындағыларға айтып мақтанады, ал кімнің амалдары баяу болса, оны шыққан тегі жылдамдата алмайды»Хадисті Муслим (нөмірі: 2699) осы сөзбен риуаят еткен
«Кімде-кім мүмінді бұл дүниенің уайым-қайғыларының бірінен құтқарса, Аллаһ оны Қиямет күнгі уайым-қайғылардың бірінен құтқарады. Кім қарызынан құтыла алмайтын адамның жағдайын жеңілдетсе, Аллаһ оның жағдайын бұл дүниеде де, Ақыретте де жеңілдетеді. Кім мұсылманды жасырса (яғни бір мұсылманның шариғатқа қайшы іс істегенін көргенде басқаларға айтпаса), Аллаһ оны бұл дүниеде де, Ақыретте де жасырады және Аллаһ құлына ол өз бауырына жәрдем бергенін тоқтатқанша жәрдем береді. Кім білім іздеп бір жолға түссе, Аллаһ оның жәннәтқа барар жолын оңайластырады. Ал адамдар Аллаһтың Кітабын бәрі бірге оқып-үйрену үшін Аллаһтың үйлерінің біріне жиналса, оларға міндетті түрде тыныштық түседі және оларды мейірім-шапағат орап алады, оларды періштелер қоршайды және Аллаһ оларды Өзінің құзырындағыларға айтып мақтанады, ал кімнің амалдары баяу болса, оны шыққан тегі жылдамдата алмайды»
Хадисті Муслим (нөмірі: 2699) осы сөзбен риуаят еткен
Отыз жетінші хадис
Расында, Аллаһ жақсы және жаман істерді жазды
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің аса Қамқор және Жоғары мәртебелі Раббысынан жеткізіп былай деді:«Расында, Аллаһ жақсы және жаман істерді жазды, сонан соң түсіндірді: «Кім жақсы іс істеуді ниет етсе, бірақ орындамаса, Аллаһ Өз қасында толық бір жақсы іс (орындалғанын) жазады; егер (адам жақсы іс істеуді) ниет етіп, оны орындаса, Аллаһ оған Өз қасында оннан жеті жүзге дейін және одан да көп жақсы істерді жазады; кім бір жаман істі істеуді ниеттенсе, бірақ оны орындамаса, Аллаһ Өз жанында толық бір жақсы іс (орындалғанын) жазады, ал егер ол (жаман іс істеуге) ниеттенсе және оны орындаса, Аллаһ (оған) бір жаман іс жазады»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6491) және Муслим (нөмірі: 131) өздерінің "Сахих" кітаптарында осы сөздермен риуаят еткен.
«Расында, Аллаһ жақсы және жаман істерді жазды, сонан соң түсіндірді: «Кім жақсы іс істеуді ниет етсе, бірақ орындамаса, Аллаһ Өз қасында толық бір жақсы іс (орындалғанын) жазады; егер (адам жақсы іс істеуді) ниет етіп, оны орындаса, Аллаһ оған Өз қасында оннан жеті жүзге дейін және одан да көп жақсы істерді жазады; кім бір жаман істі істеуді ниеттенсе, бірақ оны орындамаса, Аллаһ Өз жанында толық бір жақсы іс (орындалғанын) жазады, ал егер ол (жаман іс істеуге) ниеттенсе және оны орындаса, Аллаһ (оған) бір жаман іс жазады»
Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6491) және Муслим (нөмірі: 131) өздерінің "Сахих" кітаптарында осы сөздермен риуаят еткен.
Отыз сегізінші хадис
Маған жақын болғандармен жауласқанға Мен соғыс жариялаймын
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын):«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):«Шын мәнінде, Аллаһ тағала былай деді:«Маған жақын болғандармен жауласқанға Мен соғыс жариялаймын! Менің құлым, пендем Маған жақын болу үшін не істесе де, олардың Маған ең сүйкімдісі Мен оған парыз қылған амалдар және оны жақсы көріп қалғанымша Маған нәпіл ғибадаттармен жақындап келе береді, ал қашан Мен оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын. Ол Менен өтінсе, оған міндетті түрде сұрағанын беремін, ал егер ол Менен пана сұраса, оны міндетті түрде қорғаймын».Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6502) риуаят етті
«Маған жақын болғандармен жауласқанға Мен соғыс жариялаймын! Менің құлым, пендем Маған жақын болу үшін не істесе де, олардың Маған ең сүйкімдісі Мен оған парыз қылған амалдар және оны жақсы көріп қалғанымша Маған нәпіл ғибадаттармен жақындап келе береді, ал қашан Мен оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын. Ол Менен өтінсе, оған міндетті түрде сұрағанын беремін, ал егер ол Менен пана сұраса, оны міндетті түрде қорғаймын».
Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6502) риуаят етті
Отыз тоғызыншы хадис
Шын мәнінде, Аллаһ менің үмбетім (мүшелерін) қателесу мен ұмытшақтық себепті мен үшін кешіреді
Ибн Аббастан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын), Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Шын мәнінде, Аллаһ менің үмбетім (мүшелерін) қателесу мен ұмытшақтық себепті және мәжбүрлікпен істеген (істерін) мен үшін кешіреді»Жақсы хадисХадисті Ибн Мәжәһ (нөмірі: 2045) және әл-Байхақи (Сунан, 7) риуаят еткен.
«Шын мәнінде, Аллаһ менің үмбетім (мүшелерін) қателесу мен ұмытшақтық себепті және мәжбүрлікпен істеген (істерін) мен үшін кешіреді»
Жақсы хадис
Хадисті Ибн Мәжәһ (нөмірі: 2045) және әл-Байхақи (Сунан, 7) риуаят еткен.
Қырқыншы хадис
Бұл дүниеде бөтен адамдай немесе жолаушыдай бол
Ибн Омардан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын):«(Бір күні) Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) менің екі иығымнан ұстады да былай деді:«Бұл дүниеде бөтен адамдай немесе жолаушыдай бол»Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) былай жиі айтатын:«Егер кешке дейін өмір сүрсең, таңға жетем деп ойлама, ал егер таңға дейін өмір сүрсең, кешке жетем деп ойлама және денсаулығыңнан ауруыңа (қажеттіні) ал, өміріңнен өліміңе (қажет нәрсені) ал»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6416) риуаят етті
«Бұл дүниеде бөтен адамдай немесе жолаушыдай бол»
Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) былай жиі айтатын:
«Егер кешке дейін өмір сүрсең, таңға жетем деп ойлама, ал егер таңға дейін өмір сүрсең, кешке жетем деп ойлама және денсаулығыңнан ауруыңа (қажеттіні) ал, өміріңнен өліміңе (қажет нәрсені) ал»
Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6416) риуаят етті
Қырық бірінші хадис
Сендердің ешбірің көңіл қалауы маған келген нәрсеге ілеспейінше иманға келмейді
Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Сендердің ешбірің көңіл қалауы маған келген нәрсеге ілеспейінше иманға келмейді»Хадистің үкімі жайында: "Жақсы, сенімді хадис" , - деп айттыХадисті "Хужжа" кітабында сенімді иснәдпен риуаят еттік
«Сендердің ешбірің көңіл қалауы маған келген нәрсеге ілеспейінше иманға келмейді»
Хадистің үкімі жайында: "Жақсы, сенімді хадис" , - деп айтты
Хадисті "Хужжа" кітабында сенімді иснәдпен риуаят еттік
Қырық екінші хадис
Ей, Адам баласы! Расында, сен Маған жалбарынуың мен үміт артуыңды тоқтатқаныңа дейін
Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Аллаһ тағала былай деді:«Ей, Адам баласы! Расында, сен Маған жалбарынуың мен үміт артуыңды тоқтатқаныңа дейін сен қандай (күнәлар жасаған болсаң да) оған назар аудармай сені кешіремін! Ей, Адам баласы! Егер сен көктегі бұлттарға жетерлік күнәлар жасасаң да, содан соң Менен кешірім сұрасаң, Мен сені кешіремін! Ей, Адам баласы! Егер Менен басқа ешкімге табынбаған күйде Маған жер бетін түгел (толтыратын) күнәлармен келіп жолықсаң, міндетті түрде саған (барлық күнәңді жуатын) дәл сондай кешіріммен келемін»Хадисті әт-Тирмизи (нөмірі: 3540) риуаят еттіХадистің үкімі жайында: "Жақсы, сенімді хадис" , - деп айтты
«Ей, Адам баласы! Расында, сен Маған жалбарынуың мен үміт артуыңды тоқтатқаныңа дейін сен қандай (күнәлар жасаған болсаң да) оған назар аудармай сені кешіремін! Ей, Адам баласы! Егер сен көктегі бұлттарға жетерлік күнәлар жасасаң да, содан соң Менен кешірім сұрасаң, Мен сені кешіремін! Ей, Адам баласы! Егер Менен басқа ешкімге табынбаған күйде Маған жер бетін түгел (толтыратын) күнәлармен келіп жолықсаң, міндетті түрде саған (барлық күнәңді жуатын) дәл сондай кешіріммен келемін»
Хадисті әт-Тирмизи (нөмірі: 3540) риуаят етті
Хадистің үкімі жайында: "Жақсы, сенімді хадис" , - деп айтты
Қырық үшінші хадис
Мирасты мұрагерлерге беріңдер
Ибн Аббастан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын), Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:"Мирасты мұрагерлерге беріңдер. Одан қалғаны - жақын ер мұрагерге тиесілі"Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6732) және Муслим (нөмірі: 1615) риуаят еткен.
"Мирасты мұрагерлерге беріңдер. Одан қалғаны - жақын ер мұрагерге тиесілі"
Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 6732) және Муслим (нөмірі: 1615) риуаят еткен.
Қырық төртінші хадис
Туыстық жағынан не тыйым салынған болса емізу жағынан да харам саналады
Айша анамыздан (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):«Туыстық жағынан не тыйым салынған болса емізу жағынан да харам саналады»Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 2646) және Муслим (нөмірі: 1444) риуаят еткен.
«Туыстық жағынан не тыйым салынған болса емізу жағынан да харам саналады»
Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 2646) және Муслим (нөмірі: 1444) риуаят еткен.
Қырық бесінші хадис
Шын мәнінде, Аллаһ және Оның елшісі мас қылатын нәрсені сатуға тыйым салған
Жәбір ибн Абдулла (әкесі екеуіне Аллаһ разы болсын) Меккені ашу жылы, Меккеде Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін естіді:Шын мәнінде, Аллаһ және Оның елшісі мас қылатын нәрсені сатуға, өлексені, доңыздың етін, пұттарды тыйым салды. Сонда біреулер: "Йә, Аллаһтың елшісі! Өлексенің майлары? Онымен кемелер жағылады, терілер боялады, адамдар шамдарына құйып қолданбай ма?"- деп сұрайды. Пайғамбар: "Жоқ, ол - харам". Одан кейін Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): "Аллаһ яһудилерді лағынет етті, ақиқатында, Аллаһ оларға майды харам етті, олар болса, майды жинап, оны сатып, оның ақшасын жеді".Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 2236) және Муслим (нөмірі: 1581) риуаят еткен.
Шын мәнінде, Аллаһ және Оның елшісі мас қылатын нәрсені сатуға, өлексені, доңыздың етін, пұттарды тыйым салды. Сонда біреулер: "Йә, Аллаһтың елшісі! Өлексенің майлары? Онымен кемелер жағылады, терілер боялады, адамдар шамдарына құйып қолданбай ма?"- деп сұрайды. Пайғамбар: "Жоқ, ол - харам". Одан кейін Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): "Аллаһ яһудилерді лағынет етті, ақиқатында, Аллаһ оларға майды харам етті, олар болса, майды жинап, оны сатып, оның ақшасын жеді".
Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 2236) және Муслим (нөмірі: 1581) риуаят еткен.
Қырық алтыншы хадис
Кез-келген мас қылатын нәрсе - харам
Әбу Бурда әкесінен, әкесі Әбу Муса әл-Ашғаридан (оларға Аллаһ разы болсын) былай жеткізеді: Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) оны Йеменге жіберіп, одан ол жерде жасалатын ішімдіктер туралы сұрады. Пайғамбар: "Олар не?", - деп сұрағанда: "Әл-Битғ және әл-Мизр", - деп айтты. Сонда Әбу Бурдаға: "Әл-Битғ деген не?" - деп сұрақ қойылады. Ол: "әл-Битғ – балдан ашытып жасалатын арақ, ал әл-Мизр - арпадан жасалатын арақ", - деді. Сонда Пайғамбар: "Кез-келген мас қылатын нәрсе - харам", - деді.Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 4343) риуаят етті
Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 4343) риуаят етті
Қырық жетінші хадис
Адам өз асқазаны секілді ешбір жаман ыдысты толтырған емес
Әл-Миқдам ибн Мағдиякриб: "Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім:«Адам өз асқазаны секілді ешбір жаман ыдысты толтырған емес. Солай бола тұра, белді бүгу үшін бірнеше түйір тағам жеткілікті. Асқазанды толтыру қажет болса, үштен бірін тамақпен, үштен бірін сумен және үштен бірін ауамен толтырсын»Хадисті Ахмад (нөмірі: 4/132), әт-Тирмизи (нөмірі: 2380) және Ибн Мәжәһ (нөмірі: 3349) риуаят етті.әт-Тирмизи бұл хадистің үкімі жайында: "Жақсы хадис", - деп айтты.
«Адам өз асқазаны секілді ешбір жаман ыдысты толтырған емес. Солай бола тұра, белді бүгу үшін бірнеше түйір тағам жеткілікті. Асқазанды толтыру қажет болса, үштен бірін тамақпен, үштен бірін сумен және үштен бірін ауамен толтырсын»
Хадисті Ахмад (нөмірі: 4/132), әт-Тирмизи (нөмірі: 2380) және Ибн Мәжәһ (нөмірі: 3349) риуаят етті.
әт-Тирмизи бұл хадистің үкімі жайында: "Жақсы хадис", - деп айтты.
Қырық сегізінші хадис
Бойында төрт белгі бар болған адам - мұнафиқ
Абдулла ибн Амрдан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын): Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:Бойында төрт белгі бар болған адам - мұнафиқ. Осылардан бір әдет адам бойында болса, оны тастамайынша, нифақтық әдет болады: кімнің сөйлесе, өтірік айтуы; уәде берсе, уәдеде тұрмауы; біреумен дауласса, пасықтық жасауы; келісім жасаса, оны орындамауы".Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 34) және Муслим (нөмірі: 58) риуаят еткен.
Бойында төрт белгі бар болған адам - мұнафиқ. Осылардан бір әдет адам бойында болса, оны тастамайынша, нифақтық әдет болады: кімнің сөйлесе, өтірік айтуы; уәде берсе, уәдеде тұрмауы; біреумен дауласса, пасықтық жасауы; келісім жасаса, оны орындамауы".
Хадисті әл-Бұхари (нөмірі: 34) және Муслим (нөмірі: 58) риуаят еткен.
Қырық тоғызыншы хадис
Егер сендер Аллаһқа шынайы тәуекел етсеңдер
Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын):«Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді:«Егер сендер Аллаһқа шынайы тәуекел етсеңдер, ұясынан аш шығып, тоқ болып оралатын құсқа ризық бергендей, сендерге де ризық береді»Хадисті Ахмад (нөмірі: 52 және 01), әт-Тирмизи (нөмірі: 2344), ән-Нәсәи "Кубра" және "Тухфа" кітаптарында (нөмірі: 8/79), Ибн Мәжәһ (нөмірі: 4164) риуаят етті. Ибн Хиббан (нөмірі: 730) және әл-Хаким (нөмірі: 418) хадисті "сенімді" ретінде риуаят етті.әт-Тирмизи бұл хадистің үкімі жайында: "Жақсы, сенімді хадис", - деп айтты.
«Егер сендер Аллаһқа шынайы тәуекел етсеңдер, ұясынан аш шығып, тоқ болып оралатын құсқа ризық бергендей, сендерге де ризық береді»
Хадисті Ахмад (нөмірі: 52 және 01), әт-Тирмизи (нөмірі: 2344), ән-Нәсәи "Кубра" және "Тухфа" кітаптарында (нөмірі: 8/79), Ибн Мәжәһ (нөмірі: 4164) риуаят етті. Ибн Хиббан (нөмірі: 730) және әл-Хаким (нөмірі: 418) хадисті "сенімді" ретінде риуаят етті.
әт-Тирмизи бұл хадистің үкімі жайында: "Жақсы, сенімді хадис", - деп айтты.
Елуінші хадис
Аллаһ Тағаланы еске алудан тілің құрғамасын
Абдулла инб Буср былай деді:Бір кісі Пайғамбарға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: "Йә, Аллаһтың елшісі! Шын мәнінде, Ислам шариғаттары біз үшін көбейіп кетті, бізге көптеген нәрсені қамтитын амалды айтып берші?". Пайғамбар: "Аллаһ Тағаланы еске алудан тілің құрғамасын", - деді.Хадисті Ахмад (нөмірі: 188 және 190) риуаят еткен.
Бір кісі Пайғамбарға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: "Йә, Аллаһтың елшісі! Шын мәнінде, Ислам шариғаттары біз үшін көбейіп кетті, бізге көптеген нәрсені қамтитын амалды айтып берші?". Пайғамбар: "Аллаһ Тағаланы еске алудан тілің құрғамасын", - деді.
Хадисті Ахмад (нөмірі: 188 және 190) риуаят еткен.
Имам Науауидің "Қырық хадис" кітабінің мәтіні............................................................................. 1
Бірінші хадис................................................................................................................................ 1
Амалдар ниетке байланысты.................................................................................................... 1
Екінші хадис................................................................................................................................. 1
Мұсылмандарды діндерін үйрету үшін Жәбірейілдің келуі........................................................ 1
Үшінші хадис................................................................................................................................ 2
Ислам бес (тірекке) құрылған.................................................................................................... 2
Төртінші хадис............................................................................................................................. 2
Шын мәнінде, әрқайсың анасының құрсағында жаратылады..................................................... 2
Бесінші хадис............................................................................................................................... 2
Кімде-кім біздің бұл ісімізге қатысы болмаған жаңалық енгізсе, ол қабыл етілмейді................. 2
Алтыншы хадис............................................................................................................................ 2
Ақиқатында, халал белгілі және харам белгілі.......................................................................... 2
Жетінші хадис.............................................................................................................................. 3
Дін – насихат............................................................................................................................. 3
Сегізінші хадис............................................................................................................................. 3
Маған адамдармен шайқасуға әмір етілді................................................................................. 3
Тоғызыншы хадис......................................................................................................................... 3
Мен тыйым салғандардан аулақ болыңдар............................................................................... 3
Оныншы хадис............................................................................................................................. 3
Расында, Аллаһ – Пәк, сондықтан Ол тек пәк нәрсені ғана қабыл етеді.................................... 3
Он бірінші хадис........................................................................................................................... 3
Өзіңе күмәнді көрінгенді ешқандай күмән туғызбайтынның пайдасына тәрк ет.......................... 3
Он екінші хадис............................................................................................................................ 4
Адамның Исламды жақсы ұстануының белгісі........................................................................... 4
Он үшінші хадис........................................................................................................................... 4
Сендерден ешқайсың өзіне қалағанды бауырына да қаламайынша (толық) иман келтірмейді... 4
Он төртінші хадис........................................................................................................................ 4
Мұсылманның үш жағдайдан басқа кезде, қанын төгуге рұқсат етілмейді................................. 4
Он бесінші хадис.......................................................................................................................... 4
Кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз айтсын........................................... 4
Ол алтыншы хадис....................................................................................................................... 5
Ашуланба................................................................................................................................. 5
Он жетінші хадис.......................................................................................................................... 5
Ақиқатында, Аллаһ әр нәрсені (іс амалды) жақсы істеуге бұйырған.......................................... 5
Он сегізінші хадис........................................................................................................................ 5
Қайда болсаң да Аллаһтан қорық............................................................................................. 5
Он тоғызыншы хадис.................................................................................................................... 5
Аллаһты (есіңде) сақта, Ол сені сақтайтын болады................................................................... 5
Жиырмасыншы хадис................................................................................................................... 6
Ұялмасаң, білгеніңді қыл........................................................................................................... 6
Жиырма бірінші хадис.................................................................................................................. 6
«Аллаһқа иман келтірдім» де, содан соң туралықты ұстан....................................................... 6
Жиырма екінші хадис................................................................................................................... 6
Маған айтшы, егер мен парыз намаздарымды оқысам, рамазан кезінде ораза ұстасам............ 6
Жиырма үшінші хадис.................................................................................................................. 6
Таһарат – иманның жартысы..................................................................................................... 6
Жиырма төртінші хадис................................................................................................................ 6
Ей, Менің құлдарым! Шын мәнінде, Мен Өзіме зұлымдықты харам еттім.................................. 6
Жиырма бесінші хадис................................................................................................................. 7
Барлық сауапты байлар аладыӘбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын):«(Бір күні) Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары қатарындағы адамдар Пайғамбарға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) келіп:«Уа, Аллаһтың елшісі! Барлық сауапты байлар алады, өйткені олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза тұтады және өз байлықтарының артығынан садақа етіп таратады»,–деді. (Пайғамбар):«Ал Аллаһ сендер үшін садақа жасай алатын нәрсе дайындамады ма? Шынында, әрбір дәріптеу (субханаллаһ), әрбір ұлықтау (Аллаһу әкбар), әрбір мадақтау (әлхәмду лилләһ) және әрбір «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» (лә иләһә иллаллаһ) сөздерін айту, жақсылыққа үгіттеп, жамандықтан қайтару, тіпті сендердің әрқайсыларыңның жыныстық қатынас жасауларың да сендер үшін садақа»,–деп жауап қайтарды.(Адамдар):«Уа, Аллаһтың елшісі! Біздерден біреу өз шақуат талабын қанағаттандырғаны үшін де сауап ала ма?»–деп сұрады. (Пайғамбар):«Айтыңдаршы, егер (сендерден біреу) өз (шақуат талабын) тыйым салған (жолмен) қанағаттандырса, күнә болмай ма? Демек, сол сияқты, оны халал жолмен қанағаттандырса да сауап алады»,–деді».Хадисті Муслим риуаят етті (нөмірі: 1006)............................................... 7
Жиырма алтыншы хадис.............................................................................................................. 8
Адамдардың (тәніндегі) әрбір буынына садақа берілуі тиіс....................................................... 8
Жиырма жетінші хадис................................................................................................................. 8
Игілік – көркем мінезділік.......................................................................................................... 8
Жиырма сегізінші хадис................................................................................................................ 8
Сендерге өсиетім: аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтан қорқу және жақсы мінез-құлық.................... 8
Жиырма тоғызыншы хадис........................................................................................................... 9
Аллаһқа құлшылық қыл және Оған ешнәрсені серік қоспа......................................................... 9
Отызыншы хадис.......................................................................................................................... 9
Ақиқатында, Аллаһ тағала парыздар (діни міндеттер) жүктеді, ендеше оларды елеусіз қалдырмаңдар 9
Отыз бірінші хадис....................................................................................................................... 9
Мына дүниеден баз кеш, сонда сені Аллаһ жақсы көреді.......................................................... 9
Отыз екінші хадис....................................................................................................................... 10
(Себепсіз де) зарар жеткізуге болмайды, (жауап ретінде де) зарар жеткізуге болмайды»..... 10
Отыз үшінші хадис...................................................................................................................... 10
Талап етуші дәлел келтіруі керек, ал теріске шығарушы ант ішуі керек................................... 10
Отыз төртінші хадис................................................................................................................... 10
Сендерден кім теріс істі көрсе, оны қолымен өзгертсін........................................................... 10
Отыз бесінші хадис..................................................................................................................... 10
Біріңді-бірің күндемеңдер, бағаны көтермеңдер, өшпенділікте болмаңдар............................. 10
Отыз алтыншы хадис.................................................................................................................. 11
Кімде-кім мүмінді бұл дүниенің уайым-қайғыларының бірінен құтқарса................................... 11
Отыз жетінші хадис..................................................................................................................... 11
Расында, Аллаһ жақсы және жаман істерді жазды.................................................................. 11
Отыз сегізінші хадис................................................................................................................... 12
Маған жақын болғандармен жауласқанға Мен соғыс жариялаймын......................................... 12
Отыз тоғызыншы хадис............................................................................................................... 12
Шын мәнінде, Аллаһ менің үмбетім (мүшелерін) қателесу мен ұмытшақтық себепті мен үшін кешіреді 12
Қырқыншы хадис........................................................................................................................ 12
Бұл дүниеде бөтен адамдай немесе жолаушыдай бол........................................................... 12
Қырық бірінші хадис................................................................................................................... 13
Сендердің ешбірің көңіл қалауы маған келген нәрсеге ілеспейінше иманға келмейді............... 13
Қырық екінші хадис..................................................................................................................... 13
Ей, Адам баласы! Расында, сен Маған жалбарынуың мен үміт артуыңды тоқтатқаныңа дейін 13
Қырық үшінші хадис.................................................................................................................... 14
Мирасты мұрагерлерге беріңдер............................................................................................ 14
Қырық төртінші хадис................................................................................................................. 14
Туыстық жағынан не тыйым салынған болса емізу жағынан да харам саналады...................... 14
Қырық бесінші хадис.................................................................................................................. 14
Шын мәнінде, Аллаһ және Оның елшісі мас қылатын нәрсені сатуға тыйым салған................. 14
Қырық алтыншы хадис................................................................................................................ 14
Кез-келген мас қылатын нәрсе - харам.................................................................................... 14
Қырық жетінші хадис.................................................................................................................. 15
Адам өз асқазаны секілді ешбір жаман ыдысты толтырған емес............................................. 15
Қырық сегізінші хадис................................................................................................................. 15
Бойында төрт белгі бар болған адам - мұнафиқ..................................................................... 15
Қырық тоғызыншы хадис............................................................................................................ 15
Егер сендер Аллаһқа шынайы тәуекел етсеңдер..................................................................... 15
Елуінші хадис............................................................................................................................. 16
Аллаһ Тағаланы еске алудан тілің құрғамасын........................................................................ 16